- Басты бет
- Жаңалықтар
- №4 ТДМ «Сапалы білім беру» аясында: Алаш қозғалысы қайраткерлеріне арналған кітап клубының отырысы өтті
№4 ТДМ «Сапалы білім беру» аясында: Алаш қозғалысы қайраткерлеріне арналған кітап клубының отырысы өтті
Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың №4 бағыты – «Сапалы білім беру» аясында 23 ақпан күні «Alatau Creative Hub» кітапханасында кітап клубының кезекті кездесуі өтті. Іс-шара Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың мерейтойларына арналды.
Кездесуді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырды. Отырысқа «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Тұрсынбаева Қ.А. модераторлық етті.
Іс-шара барысында қатысушылар Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми мұрасын және қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесін талқылады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлттық сана-сезім мен мемлекеттілік идеясын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы және философия ғылымдарының докторы, профессор Жолдубаева Ажар Қуанышбекқызы.
Басқа жаңалықтар