- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шағатай тілі мен жазба ескерткіштер» курсы бойынша профессор И.Жеменейдің дәрісі
«Шағатай тілі мен жазба ескерткіштер» курсы бойынша профессор И.Жеменейдің дәрісі
2026 жылғы 12 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Ғылым Ордасы бірлесе ұйымдастырған «Шағатай тілі мен жазба ескерткіштер» атты ашық курстың 8-дәрісі өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында шығыстанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ислам Жеменей «Тарих-и Рашиди: тарихи-мәдени құндылығы, зерттелуі мен аударылу мәселелері» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәріс барысында ғалым ортағасырлық тарихшы әрі мемлекет қайраткері Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың әйгілі еңбегі «Тарих-и Рашидидің» тарихи және мәдени маңызына тоқталып, шығарманы зерттеу және аудару үдерісінде кездесетін ғылыми-лингвистикалық мәселелер жөнінде кеңінен баяндады.
Сонымен қатар бұған дейін ғылыми айналымда «Дулати» есімімен белгілі болған Мырза Қайдар есімінің «Дулат» нұсқасында қолданылуының тарихи-деректік негіздері түсіндірілді. Ғалым қазіргі таңда қазақ тілінде кеңінен қолданылып жүрген бірқатар атаулар мен терминдердің тарихи тұрғыдан дұрыс қолданылуы мәселесіне де назар аударды.
Ашық дәріске зерттеуші ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және докторанттар қатысып, баяндаманы үлкен қызығушылықпен тыңдады. Іс-шара соңында ғалымға қатысушылар сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасып, ғылыми талқылау жүргізілді.
«Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы
Басқа жаңалықтар