Жастардың рухани иммунитеті – заман талабы
2026 жылдың 13 наурызында Тарих факультетінің №405 дәрісханасында «Цифрлық мұрағаттану және құжаттану» мен «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері үшін «Жастардың рухани иммунитеті: ақпараттық дәуірдегі құндылықтар» атты маңызды кездесу өтті.
Жиынның мақсаты — қарқынды цифрландыру жағдайында болашақ мамандардың бойында сыни ойлау мен рухани құндылықтарды қалыптастыру. Іс-шараға екі түрлі саланың сарапшылары қатысып, тақырыпты жан-жақты талқылады. Тарих факультетінен профессор Н.К. Алпысбаева тарихи сана мен ұлттық кодтың маңыздылығына тоқталса, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің аға оқытушысы Д.О. Байжанова цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен медиасауаттылық мәселелерін қозғады.
Дәріс барысында ақпараттық ағындардың жастар психологиясына әсері, жасанды интеллект дәуіріндегі этика және дәстүрлі құндылықтарды сақтау жолдары сөз болды. Студенттер «цифрлық мұрағатшы» және «кітапханашы» ретінде тек ақпаратты сақтаушы ғана емес, сонымен бірге оның сапасы мен шынайылығына жауапты маман екендіктерін ұғынды.
Басқа жаңалықтар