Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылуы өтті.Farabi University

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылуы өтті.

16 наурыз, 2026
Бұл орталық Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа алаң болмақ. Ашылу рәсімін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, орталықтың академиялық алмасуларды кеңейтуге және бірлескен баспа жобаларын дамытуға қосатын үлесін атап өтті. ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю құттықтау сөз сөйлеп, мұндай бастаманың тарихи Ұлы Жібек жолымен байланысты өңірде жүзеге асуының символдық маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, білім, ғылыми зерттеулер және кітаптар халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуде маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ Қытайдың шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату саласындағы жетекші ұйымдарының бірі – China International Communications Group өкілінің бейнеқұттықтауы жолданды. Іс-шара барысында Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Цай Вэй сөз сөйлеп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол жаңа орталық бірлескен ғылыми зерттеулер мен баспа жобаларын жүзеге асыратын маңызды платформаға айналатынына сенім білдірді. Жаңа орталық аударма жобаларын дамытуға, ғылыми басылымдарды шығаруға және Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы зияткерлік байланысты нығайтуға бағытталған.
 
Айгерім Альжанова