- Басты бет
- Жаңалықтар
- Баку мемлекеттік университетінде халықаралық аккредитацияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілі қатысты
Баку мемлекеттік университетінде халықаралық аккредитацияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілі қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі, PhD Тауанов Жандос Төреғұлұлы IQAA халықаралық сарапшылар тобының құрамында Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен халықаралық аккредитация рәсіміне қатысты.
Аккредитациялық визит барысында Баку мемлекеттік университетінде іске асырылатын “Nanomaterials Chemistry” және “Ecological Chemistry” білім беру бағдарламаларына сыртқы сараптамалық бағалау жүргізілді. Сарапшылар тобы университет басшылығымен, факультет декандарымен, профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді. Сонымен қатар оқу-зертханалық базасы, білім беру ресурстары, ғылыми инфрақұрылымы және білім беру бағдарламаларының мазмұны жан-жақты бағаланды.
Аккредитациялық сапар аясында білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары, пәндердің мазмұны, ғылыми-зерттеу жұмыстарының оқу процесімен интеграциясы, студенттердің академиялық жетістіктері және университеттің сапаны қамтамасыз ету жүйесі талданды. Сарапшылар бағдарламалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, оқу процесінің ұйымдастырылуын және ғылыми инфрақұрылымның даму деңгейін бағалады. Мұндай халықаралық сараптамалық миссиялар жоғары білім беру сапасын арттыруға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Халықаралық аккредитация рәсіміне қатысу университеттердің білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптарға сәйкестендіру және білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Аккредитацияға қатысқан:
Тауанов Жандос Төреғұлұлы
Химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Басқа жаңалықтар