ҚазҰУ заң факультетінде жаңа технологиялар мен құқықтық реформаларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталдыFarabi University

ҚазҰУ заң факультетінде жаңа технологиялар мен құқықтық реформаларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

16 наурыз, 2026
2026 жылғы 16 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының ұйымдастыруымен «Жаңа технологиялар мен құқықтық реформалар: жасанды интеллект, цифрландыру, заң үстемдігі» атты біліктілікті арттыру курсын бастады.
Курстың ашылу рәсімін заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, курс жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна ашып, бағдарламаның өзектілігі мен қазіргі кезеңдегі құқықтық ғылымда жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталды.
Курс бағдарламасының мазмұны мен мақсат-міндеттері туралы кафедраның аға оқытушысы Айнаш Есекеева баяндап, қатысушыларға оқу процесінің құрылымы, тақырыптық бағыттары және күтілетін нәтижелері жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, білікті маман Phd докторы Қанат Қожабек өз пікірін білдіріп, құқық саласындағы цифрландыру, жасанды интеллект технологиялары және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі олардың рөлі туралы ойларымен бөлісті.
Курс барысында қатысушы профессор-оқытушылар тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, құқықтық реформалар, жасанды интеллекттің құқықтық реттелуі және цифрландыру үдерістері жөнінде пікір алмасу өтті.
Аталған біліктілікті арттыру курсы 80 сағат көлемінде ұйымдастырылып, 2026 жылғы 16–31 наурыз аралығында өтеді.