Журналистика факультеті мен заң медиакорпорация арасында шығармашылық байланыс
16 наурыз, 2026
ТДМ-17 Бүгінгі ақпарат тасқынында мамандырылған медианың орны ерекше. Соның ішінде ширек ғасырдан астам уақыт елдің құқықтық сауатын арттырып, заң үстемдігін насихаттап келе жатқан «Заң» медиакорпорациясы мектебінің бәсі биік.
"Заң" редакциясы тек газет-журналдар жиынтығы емес, бұл — кәсіби заңгерлер мен журналистердің басын қосқан әлеуеті зор заңгерлік-зияткерлік алаң. Бүгінде «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдары мемлекеттік саясат пен сот-құқықтық реформалардың айнасына әлдеқашан айналған.
Заманауи цифрлық дәуірде корпорация тек дәстүрлі форматпен шектелмей, жаңа медиа трендтерді де табысты меңгеріп келеді. Жаңа конституциямызда айтылған құқықтық мемлекет құру жолында құқық қағиғаттарын дәріптеп келе жатқан басылымдардың еңбегі ерен.
"Заң" медиакорпорациясы президенті, ҚазҰУ журналистика факультеті түлегі
Досымбек Утегалиев былтырдан бері факультетімізде медиа менеджменті мен маркетингінен дәріс оқиды. Отандық медиада десі басым басылымдарды нарық талабына сай кәсібін дөңгелетіп отырған білікті медиаменеджерден журфак білім алушыларының үйренері өте көп.
Басқарма төрағасы - ректор Жансейіт Қансейітұлының дуалды білім беруді дамыту және медиада танылған ең мықты мамандарды дәріс беруге тарту туралы тапсырмасы қаперімізде. Соның аясында Досымбек Қонысбекұлы дәрістерін "Заң" медиакорпорациясының редакциясында өтіп жүр. Бүгін кешкісін Досекеңмен кездесіп, факультетіміз бен медиакорпорация арасында шығармашылық байланыс жасап, дуалды білім беруді одан әрі нығайту туралы келістік.
Корпорацияның ғимаратында өткен іскерлік кездесуде Досекең студенттерге әсіресе баспасөз саласында шығармашылықтан бөлек, тендерге қатысуды рәсімдеу сияқты шаруашылықты да меңгеру керек деген пікірін білдірді. Толықтай келістім. Заманауи журфак түлегі шығармашылықты да шаруашылықты да меңгерген әмбебап болуы керек.
Басқа жаңалықтар
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026
21 наурыз, 2026