ХХVIII Халықаралық Аханов оқулары
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2026 жылы 5-6 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) Патрис Лумумба атындағы РУДН Университетінің Шетел тілдері институтымен (Мәскеу, Ресей), Стамбұл университетімен (Стамбұл, Түркия), Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен (Тараз, Қазақстан), Стамбұл университеті жанындағы әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеу орталығымен(Стамбұл, Түркия), С.Д. Эрьзя атындағы Халықаралық өнер қорымен (Мәскеу, Ресей), Карфаген университетінің Тунис Жоғары тілдер институтындағы «Тіл және мәдениет формалары» ғылыми-зерттеу зертханасымен (Тунис, Тунис), Тіл құқықтары жөніндегі ұлттық коалиция (Вашингтон, АҚШ), Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетімен (Ташкент, Өзбекстан), Гуманитарлық ғылым және білім беру факультеті, КИМЭП Университеті (Алматы, Қазақстан), Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтымен (Бұхара, Өзбекстан), Бұхара мемлекеттік университетімен (Бұхара, Өзбекстан), Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетімен (Самарқанд, Өзбекстан) бірлесіп, дәстүрлі XXVIII Халықаралық Аханов оқуларын өткізеді.
Халықаралық форумның мақсаты – тілді зерттеу мен оқытуда халықаралық тәжірибе алмасу, заманауи лингвистикадағы өзекті мәселелерді және жаңа, күрделі ақпараттық ортада әртүрлі тілдерді оқыту әдістемесін талқылау. Ол сондай-ақ лингвистикалық зерттеулердің болашақтағы жаңа бағыттарын анықтауға және белгілеуге, гуманитарлық ғылымдар мен тілдерді оқытуда жаңа білімді, ақпараттық технологияларды және цифрлық технологияларды пайдаланудың маңыздылығын анықтауға бағытталған.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік және ағылшын.
XXVIII Халықаралық Аханов оқуларының негізгі бағыттары:
- Тіл, семиотика және жазу жүйелері: тілдік таңбаларды, жазуды және коммуникацияны талдаудың заманауи тәсілдері.
- Тіл және мәдениет: тілдің мәдени мағыналардың тасымалдаушысы ретіндегі рөлі, тілдік және мәдени бірегейліктің өзара байланысы.
- Цифрлық дәуірдегі ана тілі мен шетел тілдерін оқыту әдістемесі: инновациялық әдістер, цифрлық білім беру технологиялары және тілдерді оқыту үдерісіне нейроғылым мен жасанды интеллектіні кіріктіру.
- Қазіргі лингвистика: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асырудың заманауи тәсілдері.
Өткізілу уақыты: 12.00 – 19.00 (Астана уақыты)
Тіркеу: 11.00 – 11.50
Өткізілу форматы: офлайн/онлайн
Мақаланың толық нұсқасы және тіркеу формасы 2026 жылғы 10 мамырға дейін келесі электрондық поштаға жіберілуі қажет: 📧 conference.kaznu2026@gmail.com
Файл атауы: «Аты-жөні 2026» (мысалы, Sarsenov 2026).
Мақалалардың қабылданғаны туралы хабарлама: 2026 ж. 15 мамырға дейін
Тіркеу жарнасы:
– Қазақстан азаматтары үшін – 5 000 теңге;
– Шетел азаматтары үшін – 15 АҚШ доллары.
Төлем жасау тәсілдері: а) қолма-қол (жеке); б) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін карта арқылы:4400 4303 8718 6346 немесе +7 707 321 95 83 нөміріне жіберу арқылы (Кондыбаева Раушан). Тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын келесі электрондық поштаға жіберу қажет: 📧 conference.kaznu2026@gmail.com
Қысқаша анықтама:
Халықаралық АХАНОВ ОҚУЛАРЫ 1998 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түркология және тіл теориясы кафедрасы (бұрынғы – жалпы тіл білімі кафедрасы) тарапынан өткізіліп келеді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Аханов оқулары ұйымдастырушы жоғары оқу орындарының бірінде өткізіледі. Мәселен, 2022 жылы Халықаралық Аханов оқулары–XXVI Стамбұл университетінің (Түркия) базасында ұйымдастырылды, ал 2024 жылы – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде (ХТУ) дөңгелек үстел форматында өтті.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмерлері: +7 (727) 3773366 (1329), + 7 707 321 95 83
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Авакова Раушангүл Амирдиновна
e-mail: r_avakova@mail.ru
Мадиева Гүлмира Баянжановна
e-mail: gbmadiyeva.kz@gmail.com
Патрис Лумумба атындағы РУДН университетінің Шетел тілдері институты, Мәскеу, Ресей
Безрукова Наталья Яковлевна
e-mail: bezroukova-n@rudn.ru
Стамбұл университетінің түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасы, Стамбұл, Түркия
Мехмет Олмез
Сапашев Ораз Сапашевич
e-mail: sapashevo@gmail.com
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
Саурыков Ерболат Байұзақұлы
Тамабаева Қаракөз Үмірзаққызы
e-mail: karakoz17@mail.ru
Стамбұл университеті жанындағы әл-Фараби атындағы Еуразиялық зерттеу орталығы, Стамбұл, Түркия
Абдуллах Қызылжық
Сапашев Ораз Сапашевич
e-mail: sapashevo@gmail.com
С.Д. Эрьзя атындағы Халықаралық мәдениет қоры, Мәскеу, Ресей
Бутрова Елена Владиславовна
e-mail: erzia-fond@inbox.ru
Карфаген университеті Тунис қаласындағы Жоғары тілдер институтының
«Тіл және мәдениет формалары» ғылыми-зерттеу зертханасы, Тунис, Тунис
Хафян Уанес
e-mail: ouannes@yandex.ru
Американдық кеңес жанындағы зерттеу орталығы (ASCELS), Вашингтон, АҚШ
Риверс Патрик Уильям
e-mail: william.p.rivers@gmail.com
Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент, Өзбекстан
Абдурахмонова Нилуфар Зайнобиддин қизи
e-mail: n.abduraxmonova@nuu.uz
Гуманитарлық ғылым және білім беру факультеті, КИМЭП Университеті, Алматы, Қазақстан
Смагулова Жулдыз
e-mail: juldyz@kimep.kz
Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының өзбек тілі мен әдебиеті, орыс және ағылшын тілдері кафедрасы, Бұхара, Өзбекстан
Ғафуров Бахтиёр Закирович
e-mail: baxtiyor6013055@mail.ru
Бұхара мемлекеттік университеті, Бұхара, Өзбекстан
Бобокалонов Одилшох Останович
e-mail: odilshoh.bobokalonov@gmail.com
Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті, Самарқанд, Өзбекстан
Эшмуродова Зарифа Рахмонбердиевна
e-mail: zarifa.eshmurodova@gmail.com
ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСҚА ЖӘНЕ КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
(Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
Пленарлық отырыста баяндама жасау уақыты – 10 -15 минут,
конференция бағыттары бойынша баяндама уақыты – 5 - 7 минут,
сұрақ-жауапқа арналған уақыт – 3 минут.
МАҚАЛАНЫ (БАЯНДАМАНЫ) РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Баяндама мәтіні (5 беттен аспауы тиіс) келесі элементтерді қамтуы қажет: (1) автор(лар)дың аты-жөні ;(2) автор(лар)дың ғылыми дәрежесі, қызметі және жұмыс орны;(3) қала, ел;(4) студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін – ғылыми жетекшінің аты-жөні;(5) автор(лар)дың электрондық поштасы;(6) баяндама атауы (10 сөзден аспауы тиіс);(7) түйін (резюме), түйінді сөздер;(8) баяндама мәтіні. Мақалаларда баяндамада ұсынылатын зерттеу немесе жоба мақсаттарының, әдіснамасының және күтілетін нәтижелерінің нақты сипаттамасы болуы тиіс.
Түйін (резюме) үш тілде ұсынылады: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Шрифт – Times New Roman; негізгі мәтін кеглі – 12; жоларалық интервал – дара; абзац шегінісі – 1 см; өрістер – барлық жағынан 2 см; мәтіндегі ерекшелеу – курсив; көлемі – 5 беттен аспайды; жарияланым тілі – қазақ, түрік, орыс немесе ағылшын тілдері. Автор(лар) туралы мәліметтер берілетін мақаланың «негіздемесі» мақала жазылған тілде рәсімделеді.
1. Жоғарғы оң жақ бұрышта ҒТАМР көрсетіледі;
2. Баяндама атауы ортаға орналастырылады (бас әріптермен, жартылай қалың, кегль 14);
3. Төменде ортаға автордың тегі мен атының инициалдары (кіші әріптермен, жартылай қалың, кегль 12);
4. Автордың аты-жөнінің астына – сіз өкілдік ететін ұйымның атауы, қала, ел (кіші әріптермен, кегль 12);
5. Одан кейін – электрондық пошта (курсивпен, кегль 10);
6. Мақаланың аннотациясы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ретімен беріледі, әр тілде автордың аты-жөні мен мақала атауы аударылып көрсетіледі. Аннотация көлемі – 100 сөзге дейін. Аннотация аудармасы түпнұсқа болуы тиіс, онлайн-аударма қолдануға болмайды;
7. Аннотациядан кейін тиісті тілде кілт сөздер (5–7 сөзден аспайды) беріледі: кіші әріптермен, курсив, кегль 10;
8. Өрістер: жоғарғы, төменгі, сол және оң жақ – 20 мм, бет бағыты – кітапша;
9. Жоларалық интервал – дара;
10. Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшамен беріледі: [1, 15], [1, 15-17], мұнда бірінші сан – әдебиеттер тізіміндегі дереккөз нөмірі, екінші сан – бет (немесе беттер);
11. Әдебиеттер тізімі төмендегі үлгі бойынша рәсімделеді:
1.Гумбольдт В. фон. Адам тілінің организмдерінің айырмашылығы және оның адамзаттың ақыл-ой дамуына әсері туралы: Жалпы тіл біліміне кіріспе. Неміс тілінен ауд. – М.: КД Либроком, 2019. – 376 б.
2.Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивтік лингвистика. – М.: АСТ: Восток–Запад, 2007. – 325 б.
3.Голев Н.Д. Тілдік қақтығыстарды құқықтандыру олардың типологиясының негізі ретінде // Юрислингвистика-9: Тіл мен құқықтағы ақиқат: жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми еңбектер жинағы / ред. Н.Д. Голев. – Кемерово; Барнаул: Алт. ун-т баспасы, 2008. – 136–155-бб.
Әдебиеттер Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес «Әдебиет», «References» өлімдерінде рәсімделуі тиіс, аралықтар, нүктелер мен сызықшалардың (дефис пен сызықша) дұрыс қолданылуына назар аударыңыз. Тізімдегі нөмірден кейін нүкте қойылмайды. Мәтін ішіндегі сілтемелер келесі түрде беріледі: [1, 23], мұнда 1 – дереккөз нөмірі, 23 – бет;
[1; 10], мұнда нүктелі үтір арқылы бірнеше дереккөз көрсетіледі.
Мақаланы рәсімдеу барысында бос орындарға ерекше назар аударыңыз:
– сілтемелердегі сандар арасында [1, 2];
– инициалдар мен тегі арасында (А.С. Аманжолов);
– әдебиеттер тізіміндегі нүктелер мен сызықшалар арасында («Көрінбейтін белгілерді» қосып тексеріңіз).
Соңғы редакциядан кейін міндетті түрде орфографияны тексеру қажет. Мақала файлы автордың тегімен (кириллица немесе латын қарпімен) аталуы тиіс. Плагиатқа жол берілмейді!
Ұйымдастыру комитеті мақалаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Мақалалар өзектілігі, әдіснамасы, теориялық негізі және ғылыми құндылығы тұрғысынан бағаланады. Рецензенттер мақұлдаған мақалалар конференция аяқталғаннан кейін электрондық жинақта жарияланады. Қатысушының тіркеу формасы үлгіге сәйкес толтырылуы тиіс (төменде қараңыз).
Мақаланың толық нұсқасы және тіркеу формасы 2026 жылғы 10 мамырға дейін келесі электрондық поштаға жіберілуі қажет: 📧 conference.kaznu2026@gmail.com Файл атауы: «Аты-жөні 2026» (мысалы, Sarsenov 2026).
Мақалалардың қабылданғаны туралы хабарлама: 2026 ж. 15 мамырға дейін
Тіркеу жарнасы:
– Қазақстан азаматтары үшін – 5 000 теңге;
– Шетел азаматтары үшін – 15 АҚШ доллары. Төлем жасау тәсілдері: а) қолма-қол (жеке); б) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін карта арқылы: 4400 4303 8718 6346 немесе
+7 707 321 95 83 (Кондыбаева Раушан). Тіркеу жарнасының төленгені туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын келесі электрондық поштаға жіберу қажет:
📧 conference.kaznu2026@gmail.com
Ақпараттық хатта көрсетілген талаптардың қатаң сақталуын сұраймыз.
Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушылар есебінен төленеді.
Халықаралық конференция өтетін орын: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті.
Жауапты хатшы: Кондыбаева Раушан Жұмакерімқызы (313-каб., тел.: +7 707 321 95 83).
ҮЛГІ
Тіркеу формасы*1
|
Автордың тегі мен инициалдары |
|
|
Лауазымы,ғылыми атағы және ғылыми дәрежесі |
|
|
Жұмыс орнының толық атауы мен мекен-жайы |
|
|
Бәрлескен авторлардың тегі мен инициалдары |
|
|
Бірлескен авторлардың лауазымы, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі |
|
|
Бірлескен авторлардың жұмыс орнының толық атауы мен мекен- жайы |
|
|
Мақала атауы (үш тілде:қазақ, орыс және ағылшын) |
|
|
Бағыт атауы |
|
|
Телефон нөмірі |
|
|
Электрондық пошта |
|
|
Конференцияға қатысу(ҚазҰУ) (иә/жоқ) |
|
*Студент, магистрант немесе докторант оқу жылын көрсетуі тиіс, мысалы: студент (магистрант, докторант) 2 курс
Ізгі тілекпен,
Ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар