- Басты бет
- Жаңалықтар
- Түркияда тағылымдамадан өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті білім алушылары Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді.
Түркияда тағылымдамадан өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті білім алушылары Анкара қаласындағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді.
ТДМ-16 Түркияда тағылымдамадан өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің білім алушылары маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді қатысып, Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде дауыс берді
Студенттер өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, шетелде жүрсе де ел тағдырына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Дауыс беру рәсімі Қазақстан елшілігінде заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық қажетті жағдай жасалды.
Тағылымдамадан өтіп жатқан болашақ журналистер бұл үдерістің олардың кәсіби тәжірибесін арттыруға да ықпал еткенін атап өтті. Олар сайлау мәдениеті, халықаралық тәжірибе және шетелдегі отандастардың қоғамдық белсенділігі туралы тікелей бақылау жасау мүмкіндігіне ие болды.
Факультет өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін күшейтіп қана қоймай, олардың қоғамдық-саяси тақырыптарды кәсіби тұрғыда түсінуіне де септігін тигізеді. Сонымен қатар, студенттердің шетелде жүріп ел өміріндегі маңызды оқиғаларға қатысуы олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін айқындай түседі.
Осылайша, тағылымдамадан өтіп жүрген жас журналистер білім мен тәжірибені ұштастыра отырып, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті.
Басқа жаңалықтар