Доцент-зерттеуші Сейтжанова Макпал Азизқызының ғылыми нәтижелері халықаралық ғылыми кітапта жарияландыFarabi University

Доцент-зерттеуші Сейтжанова Макпал Азизқызының ғылыми нәтижелері халықаралық ғылыми кітапта жарияланды

17 наурыз, 2026

Химиялық физика және материалтану кафедрасының доцент-зерттеушісі Сейтжанова Макпал Азизовна Apple Academic Press баспасында жарық көрген Nano-Enabled Environmental Remediation Strategies атты халықаралық ғылыми басылымды дайындауға қатысты.
Аталған кітап аясында ол «Synthesis of Graphene-Based Membranes from Rice Husk for Desalination Applications» тақырыбындағы 6-тарауды әзірледі. Бұл зерттеу күріш қауызы негізінде графенді мембраналарды синтездеу және оларды суды тұщыландыру үдерістерінде қолдануға арналған. Жұмыс нанотехнологиялар арқылы суды тазартудың тиімді әрі экологиялық тұрақты шешімдерін ұсынады.
Кітапта наноматериалдарды қолдану арқылы қоршаған ортаның өзекті мәселелерін шешу, соның ішінде су мен ауаны тазарту, ластануды мониторингтеу және инновациялық технологияларды дамыту мәселелері кеңінен қарастырылған.
Сонымен қатар, Макпал Азизовна жақында халықаралық Molecules журналында ғылыми мақала жариялады. Бұл оның ғылыми қызметінің жоғары деңгейде екенін және халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта ғалым наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы зерттеулерін белсенді түрде дамытып, ғылымның заманауи бағыттарына елеулі үлес қосуда