“Рамазан – бөліскен сайын көбейетін жақсылық”Farabi University

“Рамазан – бөліскен сайын көбейетін жақсылық”

16 наурыз, 2026

 

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық пен ізгілік ерекше мәнге ие. Осы орайда «Рамазан – бөліскен сайын көбейетін жақсылық» тақырыбында ауызашар іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 2-ші мақсаты – Аштықты жою бағытына сәйкес өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара көмекті нығайту, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару болды.

Шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Каупенбаева С.М., Мұқан Н., Мәжен Е.  ұйымдастырды.  Ауызашар барысында қатысушыларға дастархан жайылып, қайырымдылық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, жиналған қауым арасында бірлік, жанашырлық және жауапкершілік құндылықтары насихатталды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, көмекке мұқтаж азаматтарға нақты қолдау көрсетуге және тұрақты дамудың маңызды қағидаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.

Рамазан айындағы әрбір игі іс – адамгершілік пен қайырымдылықтың жарқын көрінісі. Бөліскен сайын көбейетін жақсылық қоғамды ізгілікке бастайтыны сөзсіз.