AIKYN.KZ

17 мамыр, 2016

БИОТЕХНОЛОГ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

БИОТЕХНОЛОГ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?. Қазіргі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биология және биотехнология факультетінде биотехнология кафедрасында 25 ғылыми-зерттеу жобасының зерттеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде бірнеше халықаралық жобалар атқарылуда, 15% шаруашылық келісімді жобалар еліміздің кемелді компанияларымен ЖШС КазТрансОйл, ЖШС КазЭкосолюшн, ЖШС КАПЭ, Назарбаев университетімен бірігіп жасалуда. Ғылыми жобалар ғылымды қажет ететін жаңа технологияларды биотехнология, баламалы энергетика жəне қоршаған ортаны қорғау сияқты салаларға енгізуге бағытталған. Кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары оқытушылармен бірге белсенді түрде барлық жобаларға қатысады және шәкірақыға қосымша жалақы алып жұмыс жасайды. Соңғы 3 жылда кафедра қызметкерлері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде 400-ден аса ғылыми еңбекті жарыққа шығарды, жоғары импакт-факторлы журналдарға 30-дан аса ғылыми мақала, 3 монография, Жапония жəне Германияда шығарылған 2 ұжымды монография баспадан шықты, ҚР-ның 12 патенті жəне 7 халықаралық патент алынды. Биотехнология кафедрасы отандық жəне шетелдік биологиялық жəне биотехнологиялық ірі орталықтармен тығыз қарым-қатынаста, білім жəне ғылым саласында халықаралық интеграция процесіне белсенді түрде қосылған. əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шақыруымен биотехнология кафедрасында басқа елдерден ғалымдар мен оқытуышлар жұмыс жасайды: Бернард Файе (Агрономиялық зерттеу халықаралық орталығы), Герард Луазо (Эволюциялық биология жəне қоршаған орта факультеті, Хайф университеті), Самуэль Аппельбаум (Бен Гурион университеті, «Шөл аквакультурасы» Бенгис Орталығы), Мирей Ренье (Информатика жəне автоматика мемлекеттік зерттеу институты, Париж), Герхард Артманн, Ашыгуль Темиз Артманн, Илья Дигель (Аахен қолданбалы ғылыми университеті, Аахен), Лось Дмитрий Анатольевич (К.А. Тимирязев атындағы өсімдіктер физиологиясы институты, РҒА), Соул Пуртон (Құрылымдық жəне молекулалық биология институты, Лондон), Гофур Мижит Хеким (Синь-Цзянь Мемлекеттік университетінің биология жəне биотехнология институты) жəне т.б. Алматы қаласының жетекші ғылыми институттарынан мамандар мен профессорлар биотехнология кафедрасында арнайы курстар өткізуге шақырылады: Микробиология жəне вирусология институты, М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология жəне биохимия институты, Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты, Адам жəне жануарлар физиологиясы институты, Тəжірибелі биология институты, Жалпы генетика жəне цитология институты. Алматы қаласының бірқатар ғылыми мекемелерімен магистранттарды іргелі жəне практикалық дайындау сапасын жоғарылатуға, заманауи құрал-жабдықтар мен зерттеу əдістерін пайдалану арқылы ғылыми жұмыстарды жоғары деңгейде орындауға, сондай-ақ, өзін жақсы танытқан түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қызметтестік келісімшарт бекітілген. Тəрбие жұмысының негізгі мақсаты  кафедра түлектерінің терең кəсіби білімі жəне біліктілігін, жоғары моральдық жəне патриоттық қасиеттерін, құқықтық жəне коммуникативтік мəдениетін, шығармашылық өзін-өзі көрсете алу қасиеттері мен белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттарға жету үшін кафедрада студенттерді патриоттық тəрбиелеуге, студенттерді қоғамдық жұмыстарға баулуға зор көңіл бөлінуде. Студенттердің деканы, студенттер мəслихатының жəне студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділерімен бірлесе отырып факультетте, кафедрада жəне жатақханаларда соғыс жəне еңбек ардагерлерімен, белгілі ғалымдармен жəне мəдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі, Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне орай жəне де басқа əртүрлі мемлекеттік жəне ұлттық мерекелерге орай дөңгелек үстелдер, дебаттар, тақырыптық, шығармашылық кештер ұйымдастырылады, тiлдердi дамытуға, мемлекеттiк тiлдiң рөлiн күшейтуге, өзге ұлт өкiлдерi арасында мемлекеттiк тiлдi насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргiзіледі. Əртүрлі курс студенттерінің арасында саяси-тəрбиелік жұмыстар жүргізіледі, куратор-эдвайзерлермен кураторлық жиналыстар, өз топтарында патриоттық, рухани-адамгершілік тəрбие, ҚР рəміздерін, ҚР Президентінің халыққа жолдауын насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Кафедра қызметінде студенттердің кəсіби құзіреттілігін қалыптастыруда «Биотехнолог» жəне «Микробиолог» ғылыми үйірмелері маңызды орын алады, үйірмелер жұмысына «Биотехнология» мамандығының əртүрлі курстарынан 80-нен астам студент қатысуда, оқу уақытынан тыс кафедраның оқытушыларының басқаруымен студенттер ғылым əлеміне еніп, теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдайды. Қазақстан Республикасында биотехнология кафедрасы биотехнолог мамандарды даярлаудағы мен биохимия, микробиология жəне микроорганизмдер, өсімдіктермен жануарлар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биоинформатика менэкожүйелерді модельдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүр гізіп отырған алғашқы жəне қазір таңдағы жалғыз кафедра болып тұр.  Құрметті оқырман, егер нағыз білім мен ғылымның шегіне жеткіңіз келсе, беделді білімді маман боламын деп армандасаңыз, бізден алған дипломмен шет елде жұмыс жасағыңыз келсе онда сізге биотехнология кафедрасының есігі әр дайым ашық!  

Аида Қыстаубаева, биотехнология кафедрасының меңгерушісі,

Нұргүл Бектілеуова, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы