«Әл-Фараби ілімі және оның ғылым мен философияның дамуына әсері»
2026 жылдың 18 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенттеріне арналған көшбасшылық дәріс өткізілді. Дәрістің тақырыбы – «Әл-Фараби ілімі және оның ғылым мен философияның дамуына әсері».
Дәріс барысында ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы, оның философия, логика, тіл білімі, музыка және қоғам туралы ілімдері жан-жақты қарастырылды. Студенттерге Әл-Фарабидің ғылымды жүйелеудегі рөлі, Шығыс пен Батыс ғылымының дамуына қосқан үлесі, сондай-ақ оның адамгершілік, білім және парасат туралы көзқарастары түсіндірілді. Сонымен қатар ғалымның еңбектері қазіргі ғылым мен білім беру жүйесі үшін де маңызды екені атап өтілді.
Дәріс барысында студенттер Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық идеяларының бүгінгі қоғам үшін маңызын талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көшбасшылық дәрістің негізгі мақсаты – жастарға ұлы ойшылдың мұрасын таныстыру, ғылымға деген қызығушылықты арттыру және рухани-интеллектуалдық құндылықтарды насихаттау болды. Аталған дәрісті филология факультетінің «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Айдарбек Қ.Ж. өткізді. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен өтіп, танымдық әрі мазмұнды кездесу ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар