ҚазҰУ-де Қытай–Орталық Азия баспа орталығы ашылды
2026 жылғы 16 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытай–Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған орталық Сиань Цзяотун университеті баспасы (ҚХР) мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің бірлескен бастамасы негізінде құрылған халықаралық баспа ынтымақтастығы платформасы болып табылады.
Орталықтың негізгі мақсаты — Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы білім беру, баспа ісі және мәдениет салаларындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту. Бұл бастама халықаралық ғылыми еңбектерді жариялау, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Салтанатты рәсімге ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев, ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю, Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Цай Вэй, сондай-ақ Орталық мемлекеттік архив директоры Сабит Шильдебаев қатысты.
Іс-шара барысында орталықтың даму перспективалары талқыланып, екіжақты ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейту маңыздылығы атап өтілді. Орталықтың ашылуы өңірлік және халықаралық академиялық әріптестіктің жаңа кезеңінің бастамасы ретінде бағаланды.
Сонымен қатар, Қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері де аталған іс-шараға белсенді қатысып, Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытты.

Басқа жаңалықтар