«Әлеуметтік теңсіздікті азайтудағы тіл мен білімнің рөлі»
17.03.2026 күні сағат 12.00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде «ТДМ 10. Теңсіздікті азайту» тақырыбы аясында «Әлеуметтік теңсіздікті азайтудағы тіл мен білімнің рөлі» атты іс-шара шетел филолгиясы және аударма ісі кафедрасының ассистент профессоры Қ. Кенжеқановамен ұйымдастырылды. Аталған шараға «6B02313 - Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығының 1-курс студенттері белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің әлеуметтік теңсіздік мәселесі туралы түсінігін кеңейту, сондай-ақ тіл мен білімнің қоғамдағы тең мүмкіндіктер қалыптастырудағы маңызын көрсету болды. Кездесу барысында студенттер теңсіздіктің себептері мен салдарын талқылап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, топтық жұмыстар мен пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ұсынды.
Шара барысында тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік интеграция мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін маңызды фактор екені атап өтілді. Студенттер білім беру жүйесіндегі қолжетімділік, тілдік кедергілер және мәдени айырмашылықтар мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және болашақ маман ретінде қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамауына ықпал етті.
Басқа жаңалықтар