«Менің болашақ мамандығым» кәсіби бағдар жұмысыFarabi University

«Менің болашақ мамандығым» кәсіби бағдар жұмысы

26 ақпан, 2026

«Сапалы білім» атты тұрақты дамудың №4 мақсаты аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің кәсібибағдар беру жұмыстарына жауапты оқытушысы Е. М. Солтанаеваның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 26 ақпанында Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектептің 10–11 сынып оқушыларына арналған «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңызын түсіндіру, жоғары оқу орындарындағы білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру, филология саласының ерекшеліктері мен артықшылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес бағыт-бағдар беру болып табылады.

Кездесу барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттік өмір және академиялық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар мамандық таңдауда жиі кездесетін қиындықтар мен қателіктер туралы мәлімет алып, өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Шара барысында ашық диалог орнап, оқушылар өз ойларын білдіріп, болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті. Жалпы, кездесу мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, оқушылардың мамандық таңдауға деген жауапкершілігін арттыруға, олардың саналы шешім қабылдауына ықпал етті.

Ф.ғ.к., аға оқытушы Е. М. Солтанаева