2026 жылғы 13 ақпанда Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» бағыты аясында қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің рөліне арналған іс-шара өткізілді. Ұйымдастырушылар – «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс докторанты Жемилева М.М., жетекшісі Валиева А.К.
Кездесу Арманқызы Самалдың домбырада орындаған музыкалық шығармасымен ашылып, білім беру кеңістігінде ұлттық дәстүрлерді интеграциялаудың маңызын айқындады. Одан кейін білімнің тұрақты даму, әлеуметтік ұтқырлық және тұлғаның кәсіби қалыптасуындағы негізгі фактор ретіндегі рөлі талқыланды.
Баяндамалармен «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 3 курс студенттері сөз сөйлеп, жоғары білім берудің дамуының негізгі аспектілеріне талдау жасады. Серікбай Ескендір мен Хамитқызы Эльнура ҚазҰУ-дың тарихи дамуы мен елдің ғылыми әлеуетін қалыптастырудағы үлесін қарастырды. Төлеген Жансая, Марат Назира және Арманқызы Самал қазіргі білім беру жүйесі мен цифрландыру үдерістерін таныстырды. Төлегенова Қарақат жасанды интеллекттің жоғары білімге әсерін талдады. Анарбек Ардақ пен Алихан Анель түлектердің жұмыспен қамтылуы және олардың бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін қарастырды.
Іс-шара соңында материалды бекіту мақсатында қорытынды тест өткізілді. Өткізілген іс-шара студенттердің жоғары деңгейдегі белсенділігін көрсетіп, жоғары білімнің тұрақты дамуға қол жеткізудегі маңызды құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Іс-шара ұйымдастырушылары:
Жемилева М.М. — «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс PhD докторанты, жетекшісі: Валиева А.К.
Басқа жаңалықтар