ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРАFarabi University

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

20 наурыз, 2026

2026 жылдың 20 наурызында Шығыстану факультетінің бастамасымен, Түріктану және шығыс елдері тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық спорт күніне арналған мазмұнды әрі тағылымы терең мәдени-спорттық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Аталған шара университет қабырғасында ұлттық мұраны дәріптеу мен жастардың рухани-мәдени дамуына серпін беруді мақсат етті.

Көктемнің шуақты күнінде өткен бұл мереке ерекше атмосферасымен есте қалды. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, дәстүр мен заманауилықтың үйлесімін айқын көрсетті. Іс-шара аясында тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, асық бәйге, қол күрес сынды ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік танытты.

Ұлттық ойындар тек бәсеке алаңы ғана емес, сонымен қатар студенттер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өзара байланысты нығайтудың тиімді құралына айналды. Әсіресе тоғызқұмалақ ойыны интеллектуалдық сайыс ретінде ерекшеленіп, қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін айқындады.

 

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер анықталып, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл іс-шара университеттің имиджін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және студент жастардың мәдени танымын кеңейтуге зор үлес қосты.