«ҚАРТТАР – ҚАЗЫНАМЫЗ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
2026 жылғы 20 наурыз күні Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен студенттері ТДМ 3 аясында әлеуметтік жауапкершілік пен ізгілік құндылықтарын насихаттау мақсатында "Біздің үй" атты қарттар үйіне арнайы барып қайтты.
Іс-шара барысында студенттер қарттарға арнап шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ән айтып, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қарияларға өздері дайындап апарған шағын сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кездесу барысында студенттер қарттармен еркін әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін тыңдады. Осындай жылы жүздесу екі буын арасындағы рухани байланысты нығайтып, үлкендерге құрмет көрсету дәстүрінің маңыздылығын көрсетті.
Сондай-ақ оқытушылар қарттарға арнап шай дастарханын ұйымдастырып, бірге уақыт өткізіп, естелік суреттерге түсті. Шара өте әсерлі өтіп, қарттар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Осындай қайырымдылық бағытындағы іс-шаралар студенттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор игі шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.




Басқа жаңалықтар