Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық археологиялық семинар өтті
2026 жылғы 16–19 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасында халықаралық ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Франциядағы «Eveha International» археологиялық зерттеу компаниясының ғалымдары ұйымдастырды.
Семинардың тақырыбы – “Human Skeletal Remains in Archaeological Context: Contributions of Physical Anthropology to Funerary Archaeology” (Археологиялық контекстегі адам қаңқа қалдықтары: жерлеу археологиясына физикалық антропологияның қосқан үлесі). Баяндамашы – биоархеология, остеология, палеопатология, тафономия және функционалдық морфология саласында зерттеулер жүргізіп жүрген Элоди Лассаль.
Бұл ғылыми басқосу Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге үлес қосып, студенттер мен жас ғалымдарға халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, семинар 17-мақсатқа – серіктестік арқылы мақсаттарға қол жеткізуге сай келеді.
Басқа жаңалықтар