- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «GIS for Archaeology: Methods and Applications» семинары өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «GIS for Archaeology: Methods and Applications» семинары өтті
2026 жылғы 10–13 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасында халықаралық ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Франциядағы «Eveha International» археологиялық зерттеу компаниясының ғалымдары ұйымдастырды.
Семинардың тақырыбы – “GIS for Archaeology: Methods and Applications” (Археологияға арналған ГАЖ: әдістер мен қолданулар). Баяндамашы – Квентин Дрилла, оның ғылыми қызығушылықтары археологиялық деректерді басқару және интеграциялау, зерттеу әдістемесі, кеңістіктік модельдеу және көне кеңістіктік ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.
Семинар барысында археологияда геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолданудың заманауи тәсілдері талқыланды. Қатысушылар деректерді жинау, талдау және визуализациялау әдістерімен танысып, археологиялық ескерткіштердің кеңістіктік құрылымын зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұл ғылыми басқосу Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге үлес қосып, студенттер мен жас ғалымдарға халықаралық деңгейдегі әдістемелік тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, семинар 17-мақсатқа – серіктестік арқылы мақсаттарға қол жеткізуге сай келеді.
Басқа жаңалықтар