«Антикалық Рим қалалары» тақырыбында ашық дәріс сабақ өттіFarabi University

«Антикалық Рим қалалары» тақырыбында ашық дәріс сабақ өтті

19 наурыз, 2026

Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – сапалы білім беруді қамтамасыз ету негізінде ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінде педагогикалық практика шеңберінде Археология және этнология кафедрасының «Археология» мамандығы бойынша 1-курс докторанты Адилова Камчат Ауелхановна «Археология» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне «Антикалық археология» пәнінен «Антикалық Рим қалалары» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты – Рим өркениетіндегі қалалардың қалыптасуы, құрылымы және тарихи маңызын түсіндіру, сондай-ақ Рим қалаларының тарихын зерттеген археологтардың еңбегін талдау. Дәріс барысында Рим империясының дамуы қалалардың өсуімен тығыз байланысты екені айтылып, Рим тарихының негізгі кезеңдері қарастырылды.

Рим, Помпей, Остия, Тимгад және Геркуланум қалалары мысал ретінде талданып, олардың археология ғылымы үшін маңызы көрсетілді. Сонымен қатар Рим сәулетінің жетістіктері мен археологиялық зерттеулердің рөлі ерекше атап өтілді.

Қорытындысында антикалық Рим қалалары империяның негізі болғаны және олардың тарихи-мәдени мұрасы бүгінгі күнге дейін маңызды екені баса айтылды. Ашық дәріс жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.