- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Үйде және университетте ресурстарды 3R қағидаты бойынша тиімді пайдалану: Reduce — азайту, Reuse — қайта пайдалану, Recycle — қайта өңдеу»
«Үйде және университетте ресурстарды 3R қағидаты бойынша тиімді пайдалану: Reduce — азайту, Reuse — қайта пайдалану, Recycle — қайта өңдеу»
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 12-мақсаты — «Жауапты тұтыну және өндіріс» аясында, шектеулі ресурстарды ұтымды пайдалану тақырыбында 20 наурыз күні Экономика және Бизнес жоғары мектебінің 1 курс студенттерінің қатысуымен халықаралық онлайн іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара тақырыбы: «Үйде және университетте ресурстарды 3R қағидаты бойынша тиімді пайдалану: Reduce — азайту, Reuse — қайта пайдалану, Recycle — қайта өңдеу». Іс-шара қонақтары: Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Бакасова Аяулы Қажыкәрімқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ практикалық ағылшын тілі кафедрасының PhD, аға оқытушысы Меркібаев Төлеген Асылбекұлы, сондай-ақ Қытай Халық Республикасынан (Chongqing Southwest University) студенттер — Бекболатова Динияр, Айдосқызы Ажар.
Іс-шара барысында студенттер әлемдік тәжірибе мен күнделікті өмірден алынған ресурстарды ұтымды пайдалану мысалдарын ұсынды, шектеулі ресурстарды тиімді қолдану бойынша өз идеяларымен бөлісті, сондай-ақ «Су, тағам және ресурстар» атты викторинаға қатысты.
Іс-шара интерактивті форматта, достық және жағымды атмосферада өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары — шет тілдер кафедрасының оқытушылары: Тлеуғабылова З.А., Бекалаева А.О., Халенова А.Р., Мурумбаева Г.А.
Басқа жаңалықтар