- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жоғары білім саласындағы көшбасшылық: ғылым және цифрлық жаһандану контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі»
«Жоғары білім саласындағы көшбасшылық: ғылым және цифрлық жаһандану контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі»
2026 жылдың 27 ақпанында «7M02326 – Цифрлы қазақ тілі» мамандығының 2-курс магистранты Әли Ш.Қ., оқытушы Сәрсенбай Ж., докторант-практикант Шуленбаев Н.К. Ғылым Ордасында өткен «Жоғары білім саласындағы көшбасшылық: ғылым және цифрлық жаһандану контекстіндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Шараға қатысуды мамандық жетекшісі Иманқұлова С. М. және «102701-Мәтінді филологиялық талдау» пәнінің оқытушысы Смағұлова Г.Н. ұйымдастырды.
Бұл конференция ғылым мен білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация үдерістеріне, жасанды интеллекттің жедел дамуына және жаһандық ғылыми кеңістікте орын алып жатқан өзгерістерге жауап ретінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – заманауи жоғары білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың стратегиялық рөлін айқындап, цифрлық дәуір жағдайында академиялық көшбасшылықтың жаңа үлгілерін талқылау.
Басқа жаңалықтар