Көрісу және Наурыз мерекелеріне орай Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессор-оқытушы құрамының студенттер үшін мәдени-танымдық кездесулеріFarabi University

Көрісу және Наурыз мерекелеріне орай Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессор-оқытушы құрамының студенттер үшін мәдени-танымдық кездесулері

20 наурыз, 2026

2026 жылдың наурыз айында Көрісу күні мен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттермен мәдени-танымдық бағыттағы кездесулер ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасындағы рухани байланысты нығайту болды.

Кездесу барысында қатысушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі – көрісу рәсімінің мән-маңызына тоқталып, оның адамдар арасындағы сыйластық пен татулықты арттырудағы рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің тарихы, оның тәрбиелік және мәдени мәні кеңінен талқыланды.

Іс-шара аясында студенттер ұлттық өнерлерін көрсетіп, қазақтың әндері мен билерін орындады. Әсіресе, ұлттық би элементтері мен дәстүрлі әндер кештің мазмұнын байытып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Оқытушылар тарапынан жастарға арналған тәрбиелік бағыттағы ой-пікірлер айтылып, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Бұл өз кезегінде білім алушылардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.

Қорытындылай келе, аталған іс-шара студенттерге рухани-мәдени тәрбие беруде, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқарды.