Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша дискуссиялық клуб өтті
2026 жылғы 20 наурыз күні сағат 11:00-де Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 3-курс студенттерімен Абай Құнанбайұлының «Толық адам» іліміне арналған дискуссиялық клуб өткізілді. Іс-шараны оқытушы Картабаева А.А. ұйымдастырды.

Дискуссиялық клубтың негізгі мақсаты – студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін тереңдету, сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында студенттер «толық адам» ұғымының мәнін жан-жақты талқылап, оның қазіргі қоғамдағы орны мен маңызын анықтады. Абайдың қара сөздері мен философиялық ойлары негізінде топтық талқылаулар ұйымдастырылып, әртүрлі пікірлер мен көзқарастар ортаға салынды. Сонымен қатар, студенттер өз өмірімен байланыстыра отырып, тұлғалық даму, өзін-өзі жетілдіру және адамгершілік қасиеттердің рөлі туралы ой бөлісті.
Дискуссия нәтижесінде білім алушылар белсенділік танытып, коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, рухани құндылықтардың маңыздылығын тереңірек түсінді.
Басқа жаңалықтар