«Жастардың қаржылық сауаттылығы: жеке бюджетті басқару және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбына арналған дөңгелек үстелFarabi University

«Жастардың қаржылық сауаттылығы: жеке бюджетті басқару және алаяқтықтың алдын алу» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

27 наурыз, 2026

2026 жылғы 27 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аударма ісі мамандығы бойынша 1-курс докторанты Чжан Сян ТДМ-17 «Тұрақты даму мақсатындағы серіктестік» аясында «Шетел филологиясы» мамандығының 3-курс студенттері қатысуымен банк мамандарымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Шет тілдер және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Нағиятова Ләззат Бермаханқызы жетекшілігімен және аға оқытушы Бектурова Эльмира Қалмаханбетовнаның қатысуымен өткізілді.

Шақырылған спикер ретінде Халық Банк Алматы қалалық филиалының №12 Жеке қызмет көрсету орталығының (ЦПС) басшысы Қорғанбекова Айнұр, сондай-ақ Халық Банк аға менеджері Атеева Аяжан қатысты. Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, қаржылық сауаттылық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды мәліметтерімен бөлісті.

Іс-шараның негізгі мақсаты студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджетті тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру және қаржылық алаяқтықты тану мен алдын алу бойынша сыни ойлау қабілетін дамыту болды. Қатысушылардың көпшілігі қаржы саласының мамандары болмағандықтан, дәріс мазмұны түсінікті әрі күнделікті өмірмен тығыз байланысты етіп құрылды.

Дәріс тақырыптың өзектілігін түсіндіруден басталды. Спикерлер табыс пен шығынды басқару, қажеттіліктер мен тілектерді ажырату, сондай-ақ қаржылық жауапкершілікті қалыптастыру туралы айтты.

Талқылаудың маңызды бөлігі Қазақстанда кең таралған алаяқтық түрлеріне арналды. Атап айтқанда, жалған банк қоңыраулары, фишингтік хабарламалар, күмәнді төлем сілтемелері және интернет-дүкендердегі алаяқтық жағдайлары қарастырылды. Студенттерге қаржылық қауіптерді анықтау және жеке мәліметтерін қорғау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Іс-шара барысында талқылаулар ұйымдастырылды. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты жағдайларды талдап, алаяқтыққа қарсы әрекет ету жолдарын талқылады. Бұл формат олардың қызығушылығын арттырып, тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында Қорғанбекова Айнұр студенттердің сұрақтарына толық жауап беріп, банк өкілдерінің халыққа ақпарат ретінде жарнамадан басқа жерде қоңырау шалмайтының еске салды. Студенттер банктік қызметтер, қаржылық қауіпсіздік және күнделікті ақша басқару мәселелері бойынша сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды.

Іс-шара жылы әрі белсенді атмосферада өтті. Студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, алған білімдерінің практикалық маңыздылығын атап өтті.

 

Чжан Сян

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

аударма ісі мамандығы бойынша 1-курс докторанты,

Нағиятова Л.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті шет тілі және аударма ісі кафедрасының доцент м.а, ф.ғ.к.