- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультеті студенттермен жоғары білім беру жүйесіндегі тең мүмкіндіктер тақырыбында талқылау өткізді
Шығыстану факультеті студенттермен жоғары білім беру жүйесіндегі тең мүмкіндіктер тақырыбында талқылау өткізді
2026 жылғы 27 наурызда Шығыстану факультетінде «Жоғары білім беру жүйесіндегі тең мүмкіндіктер: Корея мен Жапония тәжірибесін салыстыру» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар өтті. Іс-шара студенттерге арналған болып, Шығыс Азия елдеріндегі жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету тәжірибесін тереңірек талдауға бағытталды.
Семинарды Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган А.Б. жүргізді. Ол Корея Республикасы мен Жапонияның білім беру жүйелеріне салыстырмалы шолу жасап, білім алудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі тетіктерін таныстырды. Атап айтқанда, гранттық жүйе, студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары және білім берудегі теңсіздікті төмендетуге бағытталған бастамалар қарастырылды. Сонымен қатар, сапалы білімге қолжетімділікке әсер ететін институционалдық және мәдени ерекшеліктерге ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында студенттер белсенділік танытып, өз пікірлерімен бөлісіп, шетелдік тәжірибені Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Семинар студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға және білім беру саясаты мәселелеріне деген академиялық қызығушылығын арттыруға ықпал етті, сондай-ақ қазіргі білім беру үдерістерін зерттеуде халықаралық салыстырмалы тәсілдің маңыздылығын көрсетті.
Басқа жаңалықтар