Жазушы, сценарист, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы қатысуымен әдеби кездесуFarabi University

Жазушы, сценарист, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы қатысуымен әдеби кездесу

25 наурыз, 2026

2026 жылдың 25 наурыз күні жазушы, сценарист, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы қатысуымен әдеби кездесу өтті. Іс-шараны қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұйымдастырып, Карбозов Ерхан Карбозұлы дәріс оқитын Қазақ филологиясы мамандығының 2 курс студенттері белсенді қатысты.

Кездесу барысында жазушының «Рояль» атты әңгімелер жинағына жан-жақты талдау жасалды. Студенттер шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне, кейіпкерлердің психологиялық болмысына және автордың тілдік шеберлігіне ерекше назар аударды. Әсіресе, әңгімелердегі заманауи қоғам көрінісі мен адам жанының терең иірімдері кеңінен талқыланды.

Мұхаммед-Қанапия Шарханұлы өз кезегінде шығармашылық жолы, жазушылық тәжірибесі және қазіргі әдебиеттегі үрдістер туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ қаламгерлерге бағыт-бағдар берерлік құнды кеңестер айтты. Кездесу еркін форматта өтіп, әдебиетке қызығушылық танытқан жастар үшін тағылымы мол рухани кешке айналды.

Осындай кездесулер болашақ филолог мамандардың кәсіби дамуына ықпал етіп, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.