Сапалы кадр даярлау ісі өзектіFarabi University

Сапалы кадр даярлау ісі өзекті

28 қазан, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жол­дау­ын­да әдеттегідей тың ұсыныстар айтты. Еліміздің әлеу­мет­тік-эко­но­мика сала­сына қарқын­ды өзге­ріс­тер енгізу үшін жа­санды интел­лек­тінің кө­мегін жұмылдыру туралы ұсынысы аз уақытта көп іс тын­­дыруға мүм­кін­дік беретін жаңа заманауи көзқарас екені рас.  

Өзге елдермен са­лыс­тырғанда біз жерасты қаз­ба байлығы мол елміз. Ел басшысы осыған қатысты алдағы уақытта тау-кен ке­шенін дамытуға басымдық берілетінін атап өтті. Ел эко­номикасын қарқынды да­мытудың бірден-бір те­тігі өнім өндіретін кәсіп­кер­лер легі 6 пайызға да жет­пейтінін, олардың санының өте төмен болуы осы са­лаға қатысты заңдардағы қарама-қайшылықтардың болуына қатысты екенін атап өтті. Сондықтан ес­кір­ген заңдарды жаңа ба­ғытқа лайықтап қайта жа­зуды ұсынды.

Өзімізге белгілі елдегі әлеуметтік топтарға мем­ле­кет тарапынан берілетін көмек түрлері көбейіп ке­леді. Бірақ Президент ес­керт­кендей,  көмек алуға тілек білдірушілердің қа­тары күрт өсіп бара жатыр. Әрине, көмек алуға шын мұқтаж жандарға берілетін көмектің орны бір бөлек, алай­да осы жағдайды пай­да­ланып ел ішінде ма­сыл­дыққа бой үйретуге әре­кет­тенген азаматтар да жоқ емес. Сондықтан осы көмек беруді дұрыс және шынайы мұқтаждарға ғана бағытталуын қадағалау керектігін қадап айтты.

Ел экономикасын кө­те­руге күш салуға қашанда білікті, сауатты маман­дар­дың күші керек. Осы ба­ғытта кадр реформасы түйт­кілді мәселе болып отыр. Елдегі кәсіби  ма­ман­­дардың шетел асып, ел ішінде кадр тапшылығы әр салада орын алып отыр. Сондықтан сапалы кадр даярлау ісі бүгінгі күні күн тәр­тібінен түспей келе жат­­­қан мәселе екені де ашып айтылды. Білікті ма­ман­дарды елге қайта­ру­дың жолдарын қарас­ты­рып, олармен кеңінен жұ­­­­­­мыс жүргізуді тап­сыр­ды. Ка­др тапшылығын жою үшін көші-қон сая­са­тын қай­­та қарау туралы да айт­ты.

Президент үкімет пен әкім­дердің жұмысы жолға дұ­рыс қойылмағанын елі­міздің тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылығы құл­дырап кеткеніне қын­жылды. Сондай-ақ осы жол­ғы жолдауда мемл­е­кет басшысы елге инвес­ти­ция тартуды күшейту, АЭС құ­рылысын жоспар­лау, Ала­тау қаласына ар­найы ста­тус беріліп, тіке­лей үкі­мет­ке бағынатынын, сон­дай-ақ Президент та­рапынан банктер тек ха­лыққа несие берумен ғана айналыспай, экономикаға қаржы салуы керектігін ескертті. Осы орайда, банк саласында жаңа заңдар қабылдануы керек деген сөздер айтылды.

Бұл жолдауда Пре­зи­дент тіршілік көзі – судың са­пасы, тапшылығы мә­се­лесін де айналып өтпеді. Ел экономикасының басты көзі егіншілік, бау-бақша өсіру болғандықтан, сумен қамтамасыз ету, су маман­да­рын даярлау ісі де алғаш рет айтылып отырған жоқ. Себебі судың дұрыс бе­рілуі, су сапасы елдің ден­сау­лық, әлеуметтік мә­се­лелерін шешумен тығыз бай­ланысты екені айдан анық.

Президент жолдауда БҰҰ-ның жұмысына қа­тыс­ты, әлемдік геосаяси жағ­дай­ға байланысты пікір біл­дірді. Бұған қоса, ұйым­ға реформалар енгізу ту­ралы Қазақстан атынан ұсыныс білдіретінін айтты. Сондай-ақ Қазақстандағы саяси жүйедегі оң өзге­ріс­терге тоқталып өтті.

Елдегі салық мәселесі, салық саласындағы заң­сыз­дық, салық төлеуден жал­тару мәселесін де жіті қарастырып, ол салаға қа­тысты реформалар жа­сау­ды ұсынды. Түрлі эко­но­ми­калық, саяси, әлеуметтік мә­селелерді шешудің бар­лығының басында елдің заңмен қамтамасыз етілуі тұр. Елде соңғы уақыт­тар­да заңбұзушылық, бұза­қы­лық әрекеттердің болмауы үшін заң саласындағы ол­қы­лықтардың алдын алу ке­рек екенін ескертіп айт­ты.

Президенттің елді да­мы­туға қатысты жаңа ба­ғыт­қа қарай қарқынды қа­дам жасауға бағыттаған жол­дауы болашақтан көп үміт күттіреді. Енді сол үде­ден шығу үшін бә­рі­мізге тия­нақты жұмыс іс­теу ке­рек.

 

Гүлназ МАШИНБАЕВА,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім

беру дайындығы кафедрасының

аға оқытушысы