Қазақ ұлттық университетінде студенттік билетке күрес басталып кетті

17 наурыз, 2010

Еліміздің ең басты ЖОО-да аяқ алып жүре алмайсыз. 2010 ж. 13 наурызында Қазақ ұлттық университеті өзінің болашақ талапкерлерін «Аль-Фараби» олимпидасында пәндер бойынша тестілеуден өткізді. 11 мыңға жуық адам өздерінің білімін тексеру мүмкүндігін пайдаланды. Бұл университет рекордтарының бірі ғана емес. Ұлттық аккредиттік орталық алғаш рет халықаралық үлгі бойынша ЖОО орындарының аккредиттік қорытындысын жасады. Ұлттық аккредитті табысты өткізген алғашқы отандық ЖОО, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.

Келгендер арасында кездейсоқ адамдар жоқ, көбісі не үшін келгендерін біледі және де мектептен тыс қосымша дайындалуда.

Бүгінгі таңда университетте екі мыңнан аса оқытушылар жұмыс жасайды. Жалпы білім алушы студенттер саны жиырма мыңға жетіп жығылады. Сонымен қатар университетте әлемнің түпкір-түпкірінен келген студенттер де оқиды. Бітірушілерді ұлттық, сонымен қатар халықаралық компаниялар өздеріне алады. Біздің талапкерлердің білім сапасын университет бірден анықтайды. ҰБТ-ден бөлек талапкерлер білімгердің дайындық деңгейін анықтайтын, сонымен қатар оған біздің университетімізге қабылдануға басым құқық беретін әл –Фараби олимпиадасына қатысады.

Халықаралық құқық, экономика, биотехнология, картография. Университетте барлығы 14 факультет, 8 институт, тәулік бойына жұмыс істейтін 300 орындық интернет оралығы, спорт кешені және көркемсурет кампусы бар. Олимпиададан кейін қатысушыларға кампус-турды пайдалануға мүмкіндік туды. Жан-жақты сұрақтар болды, мәселен өту балы қандай, оқу қиын ба, студенттік өмір қандай.

Қазақ ұлттық университеті – көптеген осы сияқты инновациялардың бастаушысы, университет Жәутіков олимпиадасының жабылуында жеңімпаздарға білім грантын бөлді. Өткен жылы университет халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарына ректор грантын берді. Дарынды жастарды іздеу мен оларға қолдау көрсетуде кең ауқымды жұмыстар жасалынуда.

ҚазҰУ ЖОО рейтингінде бірінші орында келе жатқанына міне 75 жыл, оған қабылдау комиссиясының қорытындылары куә. 2009 жылы Қазақ ұлттық университеті компаниялардың қабылдау тізімін бастады, яғни ЖОО арасында мемлекет грантының иегерлерінің басым бөлігін оқуға қабылдады. Олардың көбісі халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, соның ішінде «әл-Фараби» олимпиадасы, «Алтын белгі» иегерлері, үздік үлгідегі аттестаттар иегерлері. Осы жетістіктер мақтаныш қана емес, күнделікті маңдай термен және адал еңбекпен келген біздің профессорлар мен оқытушылардың, әл-Фараби олимпиадасы арқылы университетіміздің басты мақсаты – дарынды және талантты мектеп түлектерін іздеу және табу еңбектері.