2016 жылдың 24-25 жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің студенттері мен магистранттары «Жастардың иновациялық әлеуеті: жаһандану, саясат, біріктіру» атты Халықаралық жастар ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен қоса, Ресейдің жастар істері жөніндегі Федералды агенттігі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қырғыз-Ресей Славян университеті және Ресейдің бірінші президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералды университетімен біріге отырып ұйымдастырылды.
«Ғаламдық деңгейдегі жастар жұмысын ұйымдастырудың сапасы: мәселелер мен даму жолдары» атты пікірталастық онлайн алаңына Ресей, Қазақстан, Армения мен Қырғызстаннан бірқатар жас ғалымдар қатысты. Қазақстандық студенттер мен магистранттар жастар ортасындағы нашақорлықтың таралуымен күрес мәселесін қозғады.
«Психология» мамандығының 2 курс магистранты Имашева Айжан аталған мәселе бойынша, нашақорлықпен күресті мектеп қабырғасынан бастау керек деген ой білдірді. Негізінен алып қарағанда, жастар депрессияны жеңу мақсатында, өмірлік қиын ситуацияларды дербес шешуде қиындықтар туындаған жағдайларда есірткіге бой алдырады. Өз сөзінде, ол жастардың есірткіге тәуелділігі – бұл бірінші кезекте психологиялық тәуелділік екенін көрсетіп, мәселені шешу үшін мектеп психологтарының сағаттарын көбейту жағын қарастыру керек екенін айтып өтті.
Конференцияға қатысушы «Саясаттану» мамандығының 2 курс магистранты Иткулов Сырым, Батыс елдеріне есірткі өнімдерін транзиттік тасымалдаушы болып табылатын Қазақстан аймағындағы есірткі саудасының, Қазақстандағы есірткіге тәуелді азаматтардың санының өсуіне елеулі әсер тигізетін көрсетіп өтті. Елімізге келетін есірткілердің негізі ошағы Ауғанстан болып табылады. Ауғанстандық магистр-психолог Муджтаба Махфуз «Ауғанстандағы есірткі мәселесімен байланысты негізгі ішкі мәселе – ауған халқының арасында нашақорлар санының артуы мен пайда болуы. Жыл сайын мемлекеттің өзінің ішінде есірткі өнімдерін жасау мен қолданудың көлемі жыл сайын артып барады. Жуырдағы зерттеулер бойынша, 2014 жылы, 3000 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды құрайтын 3 миллион нашақорлардың бар екені анықталған. Сауатсыздық, кедейлік, соғыс пен қауіпсіздіктің жоқ болуы – Ауғанстандағы нашақорлық мәселелесінің белең алуының негізгі себептері» деп өз сөзінде атап өтті.
«Психология» мамандығының студенті Абишева Перизат, жастар арасындағы нашақорлық мәселесінің бірден-бір шешімі – эмоционалды интеллект деңгейін көтеру болуы мүмкін екенін айтты. Зерттеулерге сенсек, адамның есірткіге құштарлығы эмоционалды интеллект деңгейімен тікелей байланысты болып келеді. Жоғары эмоционалды интеллектке ие адамдар өз эмоцияларын жеңіл басқарып, соның нәтижесінде өздерінің есірткіге тәуелділік қаупін төмендетеді.
Қатысушыларға өздерін мазалап жүрген көкейкесті мәселелер мен сұрақтарға шетелдік мамандардан жауап алуға, сонымен қоса, өз біліктіліктерін көрсетулері мен арттыруларына, өз ойларын ашық алаңда еркін білдірулеріне, өз білімдерін өзекті мәселелерді талқылау барысында қолдануларына дербес мүмкіндік туды.