Семинар барысында институционалдық реформалар мен ИИДМБ-2 бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды. Институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы өзекті қадамдардың бірі экономиканың негізгі салалары үшін басты ЖОО-да кәсіби мамандарын даярлау болып табылады. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті де бар. Бүгінгі таңда ҚазҰУ дәл ғылымдар саласы және индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында мамандарды дайындайтын он университеттің консорциумын басқарады.
Бәсекеге қабілетті кадрлерді дайындауда жасалып жатқан шаруалар туралы жоғары оқу орындарының сарапшылары айтып, көпшіліктің назарын мамандарды даярлаудың жетік моделіне аударды. Білім берудің барлық деңгейінде екі дипломдық білім алудағы әлемнің үздік жоғары оқу ордаларының бағдарламаларымен салыстыруға болатын бакалавриат, магистратура және докторантурада эксперименталды режимінде білім беру бағдарламалары енгізілген.
«Құрамында ірі ұйымдар мен компания басшылары бар жұмыс берушілер кеңесі құрылды. Олардың қолдауымен өндірістік практиканың базасы күшейтіліп, сапалы еңбекпен камту бағдарламасы жүзеге асырылуда»,- деді партияның белсенді мүшесі Марат Балгереев.
Спикер сондай-ақ үш тілде білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада белгіленген ағылшын тіліне өтудің мәселесін қозғады. 2012 жылы жасалған «көптілділікті оқытудың жол картасы» аясында ағылшын тілінде дәріс беруді бірінші болып ҚазҰУ қолға алғанды. Бүгінгі таңда қырықтан астам мамандық бойынша студент қауымы ағылшын тілінде оқытылуда»,-атап өтті спикер.
Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап А,В, С, деңгейлеріне бөлінетін Еуропалық стандарт бойынша ағылшын тілі бойынша жаңа оқу жоспары енгізілгенді. Жыл сайын ҚазҰУ-дың оқытушылық қызметіне 300-ден аса шетелдік ғалымдар мен «Болашак», Open Society Institute, Soros Fund, Muskie, Chievening, DAAD сияқты бағдарламаларын тәмәмдаған түлектер тартылуда. Биылғы жылы «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы (ХБО) АҚ және British Council бірлесе отырып алдыңғы қатарлы ағылшын тілін оқыту бағдарламасын енгізді. Жақын болашақта білім берудің барлық деңгейдегі ордаларын ағылшын тілінде сабақ беру жолын қамтамасыз ету жоспарланған.
ҚР мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы ИИМДБ-2 туралы сауалдарын ҚазҰУ-дың қатты дене және бейсызық физика кафедрасының меңгерушісі, физико-математика ғылымының докторы Гульмира Яр-Мұхамедова көтерді. ҚазҰУ студентері Ақтөбе, Өскемен, Талдықорған қалаларының өндірістік аудандарындағы ҚР индустриализациялау картасына енетін кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп сертификатқа ие болды. Сондай-ақ Германия, АҚШ елдерінен ҚазҰУ-ға шықырылған шетелдік оқытушылар, ИИМДБ магистратуралық бағытындағы бағдарламалары бойынша дәріс оқыды.