Тарихқа тағзым

18 қараша, 2016

 

Біздің Атамекеніміздің тарихын, жауынгерлік, мәдени дәстүрімізді танытып, Отанға деген махаббатын тәрбиелеу мақсатында жаппай қорғаныс және әскери-патриоттық жұмыстарын жүргізу аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУәскери кафедрасы болашақ офицерлерді тәрбиелік және идеологиялық тұрғыдан оқыту циклының 2-ші оқу жылының студенттерімен Алматы қаласының жауынгерлік мәртебелі орындарына экскурсия жасады.

Студенттер 28-ші  Панвиловшілер, Мәңгілік алау мәртебелі ескерткішін, 28 панфиловші батырлардың аты таспен қашалып жазылған ескерткіш Аллеясы мен  Кеңес Одағының батыры генерал И.В. Панфилов ескерткіші сияқты  естелікке толы орындарды аралады.

Бауыржан Момышұлы ескерткішіне студенттер барып ғана қоймай, оның дербес құрамды оқыту мен тәрбиелеуде қалдырған мұрасы жайлы әңгімелесі, жоғары оқу орындарында осы күнге дейін оқытылып келе жатқан «Офицер күнделігі», «Бір түн тарихы», «Артымызда Мәскеу», «Біздің генерал», «Соғыс психологиясы» еңбектері арқылы  белгілі әскери теоретик ретінде  әскери ғылым тарихына қалай енгендігі  жөнінде сөз етіп, ерен еңбегі мен ойып алар орны жайында ойларын білдірді.

Сондай-ақ, Ауған соғысынан балалары оралмаған аналар аллеясын көріп,  студенттер немқұрайлық танытпады.

Экскурсияның мақсаты- қилы заманда кешкен қиын-қыстау кезеңдерді студенттер ұмытпас үшін естеріне түсіріп, баяндау.  Жауынгерлік даңқ орындарына экскурсия жасау – біздің жастарды тәрбиелеу мен азаматтық тұлға-Отан патриотын қалыптастыруда маңызды аспект. Ал көріп-білгендері болашақ офицерлер жүрегінде рухани әсер қалдырды, Отан жайлы танымын кеңейтті.

Экскурсиядағы негізгі деректер турасындағы ақпараттармен олар тарих пәні арқылы таныс екенін айтты, дегенмен, даңқ мемориалы қаншама жылдық тарихқа басқаша қарауға мүмкіндік берді және сол арқылы ата-бабалар абыроймен алған жеңістің мағынасын түсінгендей.

Біздің ардагерлер үшін ең қымбаттысы- оларды мәңгі есте сақтау. Өскелең ұрпақ ешқашан олардың ерліктерін, бейнетін, азабын ұмытпауы тиіс...Бұл естеліктер біздің жас буынға қалай керек болса, ардагерлерге де сонша қажет. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Әскери кафедрасының

Аға оқытушысы, полковник Геннадий Костюкевич