ҚазҰУ мен Elsevier ынтымақтастығы

29 қараша, 2016

ҚазҰУ мен Elsevier ынтымақтастығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Elsevier» вице-президенті Джино Уссимен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Elsevier» компаниясын бес жыл бойы жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыруда. Осы уақытқа дейін университет ғалымдарының халықаралық басылымдарда публицистикалық белсенділігі артқан. Яғни, 2011-2015 жылдар аралығында ҚазҰУ ғалымдарының «Scopus» жоғары рейтингті журналында 96-дан 319-ға дейін 3,3 есе өсті.

Кездесу барысында Ғалым Мұтанов «Scopus» деректер базасындағы қазақстандық авторлардың әрбір төртінші ғылыми мақаласы- ҚазҰУ ғалымдарының үлесі және осындай жарияланымдардың көлемі бойынша университет еліміздегі оқу орындарының ішінен көш бастап тұр.

ҚазҰУ ректоры «Elsevier» басылымымен ынтымақтастықтың ілгері дамуы үшін университеттегі ағылшын тіліндегі 5 ғылыми журналдың және «ҚазҰУ Хабаршысы» 17 сериясының «Scopus» деректер базасында алға басуы жайлы көрсетті. Джино Усси ұсынысты қолдап, ҚазҰУ ғылыми журналдарын әлемдегі ірі реферативті деректер базасына қосуға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.  

Университет журналдарының «Scopus» базасына көтерілуі Қазақстан ғылымының ілгері дамуына ықпал етпек, сонымен қатар, ел ғалымдарының жетістіктерімен жаһандық қоғамды ғылымды таныстырады.

Айта кету керек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Web of Science», «Thomson Reuters», «Scopus» секілді ғылыми деректер базасының жетекші агенттіктерімен және «Nature», «Elsevier», «Springer», «Taylor&Francis», «Wiley», «Oxford University Press» сияқты әлемнің ірі баспаларымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Ал 2016 жылы ҚазҰУ «Springer Nature ТОП ұйымы» номинациясы бойынша Қазақстан оқу орындарының ішінен алғашқы орыннан көрінді. Одан бөлек, Орта Шығыс және Батыс Азия аймақтары бойынша «Rising Stars» «Nature Index» рейтингінде публицистикалық белсенділік жағынан «25 -топ» қатарына енген. 2016 жылы ҚазҰУ-дағы ғылыми жарияланымның екі авторы жариялау белсенділігінің көрсеткіші үшін «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз марапатына және жарияланымның көптігіне байланысты «Web of Science» («Thomson Reuters») ақпарат ресурсының деректеріне сәйкес «2008-2015 жж. аралығында ең көп еңбек жариялаған Қазақстанның жас ғалымдары» номинациясын иеленген.