- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ ғалымдары материкті зерттеу үшін альпинисттердің артынан Антарктидаға аттанды
ҚазҰУ ғалымдары материкті зерттеу үшін альпинисттердің артынан Антарктидаға аттанды
Қазақстандық ғалымдар Алия Ерназарова мен Арман Баймұхамедов жердің ең суық континентін зерттеу үшін Антарктидаға аттанды. Олар мұзды материктегі микрофлора мен микрағзаларды анықтайтындығын және Антарктиданың ауа -райының адам денсаулығы мен психологиялық сезіміне әсер беретін ықпалдарын табуды көдейтіндігі жөнінде айтқан болатын.
Мамандар Антарктидаға жақын орналасқан Пунта-Аренас қаласында климатқа үйренісіп, зерттеуге дайындалуы үшін біршама уақыт болды.
Айта кету керек, Антарктидада қазақстандық альпинистер, Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбековтер де бар. Қазіргі таңда олар материктің ең биік нүктесі Винсон шыңында (4892 м). 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай шыңды бағындырып, төбесіне мемлекеттік туымызды тікпекші.
«Өмірімізде бірінші рет 30 килограмдық шананы сүйреттік. Мұнда қажетті азық-түлік, киім-кешек, гаджеттер бар. Жолда басқа экспедициядағыларды кездестіріп, бір-біріміздің заттарымызды қарастық. Мысалы, америкалықтар трекер, жерсеріктік телефон, иридиум, жылу тетігі бар телефон, экшн-камера сияқты біздің құрылғыларымызды көргенде таңғалып қалды. Бізде бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті заттар бар»,- дейді Антарктидадағы альпинист Мағжан Сағымбаев. Сонымен қатар, ҚазГео тобына жорықтары сәтті болуын тіледі.
«Альпинизм мен құзға шығу тобының атынан Винсон шыңына шығушыларға сәттілік, сол күні жақсы ауа-райы болуын және аман-есен елге оралуын тілейміз. Таудың басының биіктігі 5000 метрдей болады. Төбесіне көтерілгендердің барлығы биіктікті сезініп көрген. Ең бастысы, көтерілерде кесірін тигізетін тұман мен қатты дауыл болмасын, әйтпесе, жылы киініп алса, аяз аса қорқынышты емес. Әрине, мұндай экспедиция біршама қауіпті, десе де, тәжірибелі ҚазГео тобының бұған сөзсіз шамасы жетеді»,-деді ҚР Альпинизм мен құзға шығу федерациясының президенті Қазбек Уәлиев.
14 желтоқсан күні Алматыдан Чилиге Юрий Юшин мен Даулет Шарипов ұшып барды. Бірнеше күннен кейін олар Ғалымбеков пен Сағымбаевтарға барып қосылады. Жердің Оңтүстік аймағына Жер айналымы осінің қиылысқан нүктесіне жету үшін шаңғымен 200 километр-ден аса жол жүріп барады. Оңтүстік полюс, диаметрлі қарасақ, Солтүстік Мұзды Мұхитта орналасқан Солтүстік полюске қарама-қарсы жатыр. Кез-келген Жердің жоғары нүктесі ылғи да Оңтүстік полюске қарағанда солтүстік бағытта орналасқан.
Айта кететін жайт, Шарипов Оңтүстік полюске бағытталған шаңғы экспедициясында атлет және ғалыммен қатар дәрігер қызметін атқаратын болады. Ал дәл сол кезеңдегі спортшылардың қозғалысын онлайн-трекер жүйесінің көмегімен көруге мүмкіндік бар.
Tengrinews.kz