ҚазҰУ қызметкелерінің еңбегі еленді. ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев жүргізген бүгінгі кеңес айтулы жағымды жаңалықпен басталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Мара Губайдуллина, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының профессоры Ғалия Жүсіпова, инженерлік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Қанапия Қондыбаев марапатталып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының директоры Сайран Баяндинова «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының доценті Елена Дудинова мен университет телерадиокешенінің директоры Дәурен Мұхамеджанов ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін иеленді. Ал физика-техникалық факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сымбат Бөлегенова мен экономика және бизнес жоғары мектебі деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лайла Бимендиева, Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Ем Наталья Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды. ҚазҰУ-да мадақ көрсетуден қалыс қалмады, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтой медалінің марапатына университет студенттеріне жұмыс берушілер ие болды, оның ішінде Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Жомарт Тлешов пен Алматы облысы Райымбек ауданының прокуроры Шамил Кутелов бар. Сонымен қатар, кеңес барысында «ЖОО үздік оқытушысы – 2016» байқауының бірқатар жеңімпаздары таныстырылған болатын.
Ректорат кеңесінің күн тәртібіне сәйкес 2016-2017 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының қорытындылары жайлы хабарлама оқылды. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Таңсұлу Мұхитдинова оқу семестріндегі емтихан бұзушылар мен сабаққа қатыспаушылар санын көрсетіп, ҚазҰУ студенттерінің үлгерімі мен оқу көрсеткіші жайлы есептеме берді. Нәтижесіне сай білім алушылар үлгерімі жыл санап артып келеді, қазіргі таңда бакалавриат 86 пайыздық, магистратура 95 пайыздық көрсеткіш көрсетіп тұрса, докторантура былтырғыдан қарағанда 3 пайызға артқан, деңгейі 98,6 пайызды бағамдайды. Сондай-ақ, академиялық мәселелер департаменті тарапынан әр факультет декандарының назарына қаулы ұсынылды, онда факультеттің кеңейтілген отырысында 2016-2017 жылғы қысқы
сессия қорытындысын талқылауды ұйымдастыру, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар құру, бақылау, мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету сынды тапсырмалар бекітілген.
Кеңес барысында «Ғылым ордасы» жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы жетекшісінің орынбасары Алтын Слямқайдарқызы докторанттар мен магистранттардың қысқы емтихан сессиясы қорытындылары жөнінде баяндады. Оның айтуынша, ғылым ордасы жұмыстарын жақсарту үшін ОПҚ индикативті жоспарына «Ғылым ордасы» ҒЗИ қосымшасын енгізу және «Универ» жүйесіндегі «Мониторинг», «Әдістеме», «Басшылық» қосымшасына кіруге рұқсат қажет. Және де сабақ өткізу үшін «Ғылым ордасы» орталығын компьютермен жабдықтандырудың маңыздылығын алға тартуда. Өз сөзінде Алтын Уалтаева «Ғылым ордасы» оқытушы-профессорлық құрамының рейтингті журналдардағы жарияланымдары мен жоғары көрсеткіштері үшін сыйақы беру керек» деген ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, ОПҚ-ның 47-ші ғылыми-әдістемелік конференциясы мен ОӘБ мәжілісіне дайындық туралы әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары басқармасының басшысы Жанна Саксенбаева, ОЖСБ-2017 дайындық туралы Білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау қызметінің жетекшісі Айгүл Байнөсерова ақпарат беріп, 2016 жылғы ОЖСБ-дағы әр факультет деңгейіне есептеме жасады. Ректорат кеңесінде өзге де мәселелер талқыланып, Экспо 2017 және Hub Unai жайы да тілге тиек етілді.М. Бүркітбаевтың басшылығымен http://unaihub.kaznu.kz сайтына әр факультет пен ғылым институттарға ақпарат енгізу үшін арнайы адамдар тағайындау, БҰҰ Саммитінде қабылданған тұрақты дамудың 17 мақсаты шеңберінде дипломдық жұмыстар мен диссертациялау әзірлеу жұмыстары жүктелді.