Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов ҚазҰУ-дың оқытушылары және студенттерімен кездесті. Елдің қадағалау ведомство басшысы ҚазҰУ университетінің 1985 жылғы түлегі.
Отырысты ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов мәртебелі қонаққа ризашылығын білдіріп, университет студенттерімен кездесіп, болашақ құқықтанушылар мен заңгерлерге Бас прокуратураның қызметі туралы, заңдарды бұзуға тосқауыл қойып тәртіп орнатуды, қызметкерлердің этикалық нормалары мен басқа да көптеген мәліметтерден құлағдар болуына мүмкіндік бергеніне алғысын жеткізді.
Жастар алдында сөз сөйлеген Жақып Асанов тәуелсіздік жылдары елдің зор жетістіктері мен адам және азаматтардың бостандығы мен құқықтарын сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ өзінің қызмет жолындағы кәсіби жетістіктері жайында әңгімелеп берді. Ол атап өткеніндей, студенттік жастығы өткен ҚазҰУ бүгінде Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Жақып Қажманұлы студенттік өмірінде болған қызық оқиғалар мен өз бетінше кәсіби білім жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Айта кетерлік бір жайт, Ж. Асановпен қатар заң факультетін тәмамдаған бітірушілер курсы ең үздік болып саналады. Олардың арасында алты генерал прокуроры, төрт вице-премьер, жиырма тоғыз ғылым докторы, қырық сегіз бас прокуратурасының қызметкері бар.
Бас прокурор айтқанындай, құқыққорғау органдарының реформаландыруы олардың қызметтерінің тиімділігін арттырып, адал қызмет жасауына, азаматтардың сенімін арттыруға, сонымен бірге Қазақстан Республикасында заңдылық пен тәртіпті нығайту мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыруға бағытталған. Мысалы, өткен жылы кәсіби аппаратты жақсартып, кадрлерді таңдап алудың жаңа жүйесін қалыптастыруға арналған «Прокуратураға- үздік кадр» атты жобасы жүзеге асырыла бастады. «Байқауға екі мың арыз түсіп, арасынан ең үздік -126 адам таңдалды. Олардың алтауы- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі»,- деп атап өтті Жақып Қажманұлы.
Студенттерге бақылау органдары қызметкерлерінің кәсіби дайындығы мен басқару механизмдерінің жаңа тәсілдерін айта отырып, бас прокурор IT-технологиясын мейлінше көбірек енгізу жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті. Сондай бір технологиялық жаңа бағдарлама республика бойынша 600 прокурордың жұмысын оңтайландыра алады екен. «Инновациялық бағдарламаларды енгізу арқылы прокурорлар анықтаған заң бұзушылықтарға қатысты уақтылы шара қолданып, заң бұзушылықтардың алдын алуға және оларды болдырмаудық тиімді құралдарын пайдаланып, ақпараттық сараптама ала алады. Барлық қабылданған шаралар атқарылған жұмыс сапасы мен тиімділігіне оң әсер берді.
Кездесу соңында Жақып Асанов студентерге ақыл кеңес бере отырып, мақсат жолында аса белсенділік танытып, түйіткіл проблемаларды басымдықтарға айналдырып, үнемі көш басында болуға шақырды.