МАГАТЭ АУДИТ ЭКСПЕРТТЕРІНІҢ КЛЕТКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАСЫНА ІС САПАРЫ

11 маусым, 2010

МАГАТЭ АУДИТ ЭКСПЕРТТЕРІНІҢ КЛЕТКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЗЕРТХАНАСЫНА ІС САПАРЫ

2010 жылының 4 маусымда МАГАТЭ –нің ішкі аудитінің эксперттері - бөлімінің меңгерушісі Тижани Шауш Бурау мырза және аға жетекші қызметкері Хавьер Чаваррия Брукетас мырза - іс сапармен әл-Фараби атындағы Казақ Ұлттық Университетінің биологиялық факультетіне келді. Іс сапардың мақсаты - МАГАТЭ мен Казахстан Республикасының атом энергиясының қолдану аймағындағы қарым қатынасы аралығында жан-жақты аудит және ғылыми зерттеу жұмыстарды бағалау (МАГАТЭ-ның қолдауымен жүзеге асатын техникалық қарым қатынас бағдарламасының ғылыми жобаларын жоспарлауы мен орындалуы). Іс сапар барысында негізгі назар келесі мәселелерге: МАГАТЭ мен Қазақстандағы және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да партнерлармен қарым қатынасын арттыруға, ғылымы орталықтарға қажетті ғылыми құралдарды жеткізу тимділігіне және осы бағыттардың дамуына аударылды.

Биология факультетінде орындалып жатқан, МАГАТЭ тарапынан қаржыланған КАZ 5002 «Ядро және молекулалық технологиялар арқылы бидай мен жүгері өсімдіктерді жақсарту» («Improving wheat and maize using nuclear and molecular techniques») жобасы (2009 – 2011 ж.ж.), аудит эксперттерімен аса жоғары бағаланды.

Іс сапар барысында МАГАТЭ эксперттері жобаның ғылыми жетекшісімен проф. С.С. Кенжебаева және орындаушылармен: проф. С.Д. Атабаева, проф. С.А. Шоинбекова, доц. Р.А. Алыбаева, доц. С.Ш. Асрандина, Қазақ Өсімдіктер және жер шаруашылығы институтының аға жетекші қызметкері А.Абсаттарова дөңгелек стол ұйымдастырылды. Өнімділігі жоғары, құрғақшылық пен тұзды жағдайға төзімді, сапалы бидай мен жүгері гермоплазмасының құру бағытында гендік негіздерін кеңейту, бағалы қасиеттермен қосарланған гендердің манипуляциясында молекулалық маркерлері мен “reverse” генетика әдістерін қолдану бағытында және болашақтағы қарым-қатынастарды нығайту, республиканың ауыл шаруашылықтағы өзекті мәселелерін шешетін ғылыми жобаларының міндеттері талқыланды.