Күн тәртібінде электронды кітапхананы құру мәселесі
29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес залында ректорат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде ҚазҰУ ғылыми кітапханасының даму стратегиясы талқыланды. Осы жөнінде ғылыми кітапхананың директоры Гүлжан Мұсағалиева баяндама жасап, алда тұрған жоспарларды ортаға салды.
Ғылыми кітапхана 1934 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда қорда 2 миллионнан астам кітап жинақталған. Соның ішінде сирек кездесетін 15 мың кітап бар. 20 мыңның 915 мыңы тұрақты оқырмандар. Қазақстан ЖОО кітапханалар қауымдастығы мен Қазақстан кітапханаларының ақпараттық консорциумының мүшесі. Бүгінде кітапхана білім мен ғылым саласын дамытуда және өз тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру бағытында жаңа инновациялық жабдықтарды пайдаланады. Базада Рубрикон, Elsevier Science, EBSCO, РМЭБ, «Заң» Республикалық ақпараттық құқық орталықтары мен т.б. мәліметтері жинақталған.
Мәжілісте кітап қорының ақпараттық қауіпсіздігі, мәліметтерді сақтау, кітапхананың материалдық-техникалық базасын дамыту, құжат қызметін автоматтандырудағы келеңсіздіктер, оқырман билеттерінен электронды карточкаларға ауыстыру процесі туралы сөз болды. Сонымен қатар, КАБИС бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу», «Кітап беру», «Статистика» модульдерін енгізудегіқаржылықмәселелер және т.б. өзекті күрделіліктер назардан тыс қалған жоқ. Ректорат отырысы кітапхана жұмысын жеңілдету үшін студенттер мен оқытушылар қауымын ISIC көпсалалы картасына жаппай көшіру жөнінде шешімге келді. Электронды оқу құралдарын шығару және электронды кітапхананы құру мәселелері талқыланып, оны жүзеге асыруда университет басшылығы тарапынан бірқатартапсырмалар берілді. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов "Университет сайтынан электронды кітапханаға кіру мүмкіндігін беретін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Студентті жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы ғылыми жұмыстарға белсенді түрде тарту керек. Сонда ғана мемлекеттің ғылымын дамытатын жас ғалымдардың қатары көбейеді" деді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшінекі ай мерзімінде уақыт берілді.
Сондай-ақ, студенттер мен оқытушылар арасында электронды оқу құралдарымен таныстыратын арнайы семинарлар ұйымдастырылады. Болашақ электронды кітапхананың жобасы бойынша, электронды қор құрылып, одан интернет арқылывиртуалды түрде мұражай мен оқу залдарына шығуға жағдай жасалып, жарияланымдардың электронды нұсқасын, кітап, каталог, аудио жәнебейне мәліметтерді алатын жаңа әрі тиімді мүмкіндіктер ашылады.
P.S. Қонақ болып келген академик Ораз Баймұратов мәжіліске қатысып, 53 томдық еңбегін университеттің ғылыми кітапханасына сыйға тартты.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі