Халықаралық пәнжапсарлас симпозиум
Симпозиум барысында талқыға түсетін түйінді мәселелердің тізімі:
- нанотехнология жаңа масштабты нарықты қалыптастырудың құралы болып, және, осыған байланысты, өркениеттің дамуын экспансионистік сипатта ұстау құралы болып табылады;
- нанотехнология айқын көрінетін макроэкономикалық маңызға ие, және, болашақта, жалпы өркениет эволюциясына елеулі әсер етуі мүмкін (соның ішінде, өмір сүру ұзақтығы түбегейлі жоғарлау арқасында);
- өркениет дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету басқарылатын эволюция концепциясын әрі қарай дамытуды талап етеді, осының ішіне наноғылым және нанотехнологиялар жетістіктері негізінде жасалынатын қазіргі заманғы байланыс құралдары және өмір сүру ұзақтығы түбегейлі жоғарлау құралдарының дамуы әсерінен өтетін ноосфера эволюциясын талдау да кіреді.
Жан-жақты зерттеуді талап ететін нанотехнологиялардың аса маңызды мәселесі – өркениеттің басқарылатын эволюциясына өтуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. Осы мәселені шешу кешенді пәнжапсарлас әдісті шығаруды талап етеді, осы бағыттың мүмкін болатын бірінші сатылары Симпозиум жұмысы барысында талқыланады.
Симпозиумның бағдарламасы келесі сұрақтардың талқылануын қарастырады:
- өркениеттің қазіргі жүйелі дағдарысының табиғаты;
- пәнжапсарластың сапалы жаңа платформасының қалыптасуындағы философияның рөлі;
- әлемдік ғылым дағдарысының көрінуі: «қысқа инновациялар дағдарысының» әлеуметтік және экономикалық іздері;
- басқару дағдарысынан ғылыми зерттеулер арқылы өту жолдары;
- қазіргі заманғы ноосферология және басқарылатын эволюцияның концепциясы;
- нанотехнологияның макроэкономикалық даму аспектілері;
- нанотехнологияларды қолданудың медициналық аспектілері;
- нанороботтардың жұмыс істеу принциптері ;
- наноғылым мен нанотехнологиялардың жетістіктері негізіндегі жаңа зерттемелер мен техникалық шешімдер;
- қазіргі кездегі өркениеттің жүйелі дағдарыс мәнмәтініндегі қолданбалы ноосферология мәселелері;
-ноосфера құрылымының физикалық модельдері;
- әлеуметтік және экономикалық пәндерде нейронды жүйелер теориясының қолданысы;
- космостық ауа райының факторлары мен олардың Жер қабатына әсер етуі;
- күн мен жер байланыстарының ноосферадағы үрдістерге әсері;
- телекоммуникациялық құралдардың әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен ноосфераның қазіргі сатысындағы эволюциясына әсері;
- ноосферология облысындағы пәнжапсарлас білім бағдарламалары.
Симпозиумның Ұйымдастырушы комитеті:
Мун Г.А. – төраға (әл-Фараби ат. ҚазҰУ , РҚ ҰИА, Алматы, Қазақстан);
Сулейменов И.Э. – ғалым хатшы (АЭБУ, РҚ ҰИА, Алматы, Қазақстан);
Зезин А.Б. (М.В.Ломоносов ат. ММУ , Мәскеу, Ресей);
Камынина И.Б. (Тавриялық гуманитарлы-экологиялық университет, Симферополь, Украина);
Тулешов А.К. (РҚ Ұлттық инженерлі академия, Алматы, Қазақстан);
Габриелян О.А. (Қырым мәдениет, өнер және туризм университеті, Украина);
Григорьев П.Е. (Тавриялық гуманитарлы-экологиялық университет, Симферополь, Украина);
Пинхасик Е.М. (Мемфис университетінің наноматериалдардың дамуы мен инновациялар институты, США);
Чечин Л.М. (Фесенков ат. Астрофизикалық институт, Алматы, Қазақстан);
Рягузов А.П. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ашық типті Ұлттық нанотехнологиялық зертхана);
Пак И.Т. («Кахак» Кореялық ғылыми-техникалық қоғамы , Алматы, Қазақстан);
Хуторянский В.В. (Рединг университеті, Англия)
Симпозиумның қатысушыларын 2010 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайына баяндама тезистерін, және де баяндаманың толық материалын 2010 жылдың 15 қаңтарына дейін жіберуге сұрайды.
Тезистердің көлемі – 3000 белгіге дейін. Кестелерді, суреттерді және формулаларды қолданбауды өтінеміз.
Баяндаманың көлемі – 7 бетке дейін, суреттер мен кестелерді қосқанда, 12 кегль, өрістің параметрлері барлық жағынан 2 см, бірлік интервал, Times New Roman шрифті, форматтау мен ресімдеу еркін.
Баяндамалар тезистерінің жинағы Симпозиум қатысушыларына мәжілістің басталуына дейін таратылады. Симпозиумның баяндамалар материалдары мақалалар түрінде «Алматы энергетика және байланыс университетінің хабаршысы» журналының арнайы тақырыптық басылымында және АЭБУ ресми сайтында жарық көреді. Симпозиумның бағдарламасы тапсырылған материалдардың келесі басылымымен виртуалды қатысудың мүмкіндігін ескереді.
Ұйымдастырушылық жарнаны төлеу реті.
Тұрақты қатысушылар төлем ақыны келген уақытта жүзеге асырады. Тұрақты қатысушылардың ұйымдық жарнасы 450 евро құрайды. Виртуалды қатысу кезінде ұйымдық жарна төленбейді. Баяндамаларын тапсырған зерттеушілер Симпозиумның баяндамалар тезистерінің жинағын және/немесе «АЭБУ хабаршысы» журналын әдеттегі ретте оның соңында сатып алуға болады.
Ұйымдық жарна мемелекеттік жоғары оқу орындарының аспиранттары, магистранттары немесе студенттері материалды жекеменшік түрде (бекітілген үлгідегі анықтаманың сканирленген көшірмесін ұсыну бойынша) тапсырған жағдайда алынбайды, егер де тапсырылған материал басылымға ұйымдастырушы комитетпен қабылданса.
Симпозиум жұмысы барысында жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін «Жүйелі дағдарыс жағдайларында ғылыми зерттеулердің коммерциализациясы сұрақтары» атты тренингтер өткізіледі.
Симпозиумды өткізудің барлық сұрақтары бойынша ұйымдастырушы комитеттің ғылыми секретарі профессор Сулейменов Ибрагим Эсеновичпен хабарласыңыз, АЭБУ Esenych@yandex.ru