ЮНЕСКО-ның 40-шы бас конференциясы
ЮНЕСКО-ның бас конференциясы екі жылда бір рет өткізіледі және ұйымның бюджетін және келесі кезеңге бағдарламаларды қабылдайды. Францияның Париж қаласының ЮНЕСКО штаб квартирасында 2019 жылдың 12-14 қарашасында өткен реті бойынша 40-шы конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Базарбаева Т.А. қатысты. Конференция 4 ТБО, инклюзивті білім беру, ұтқырлық және үздіксіз оқыту мәселелеріне арналды.
Конференцияда қазіргі уақытта басты бағыттар: жоғары білім берудің инклюзивтік мәселелері, жас ұрпақтың сапалы білім алуға құқығы, қазіргі жаһандық цифрландыру және әлемнің ұтқырлығы сияқты заманауи шынайылылыққа бейімделген жаңа әдістемелер, оқу жоспарларын әзірлеу сияқты жаңа бағыттар көрсетілгенін айтып өткен жөн. Конференция қатысушылары атап өткендей, әлемге ТБО-ға жету үшін ынтымақтастық қажет, ал оған білім арқылы қол жеткізуге болады. Университеттер жарық пен еркіндіктің орны болған және болып қала береді. Қоғамның алуан түрлілігі жағдайында біліктілікті тану механизмдерін әзірлеу қажет. ЮНЕСКО желісі бойынша «біліктілік паспорты» пилоттық жобасы басталды және осы жоба көптеген адамдарға біліктілігін дәлелдеуге көмектесті.
Конференцияға қатысушылар географиясына Канада, Бельгия, Мексика, АҚШ, Жапония, Конго, Нидерланды, Греция, Норвегия, Оңтүстік Африка, Конго, Испания, Куба, Камбоджа, Әзірбайжан, Қытай, Чехия, Қазақстан, Эфиопия, Үндістан, Иран, Ирак, Сирия, Карат, Швеция, ОАР, Италия, Австралия және т. б. мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді. Жоғары білім дипломдарын тану жөніндегі конвенцияны әзірлеу бойынша жұмыс тобымен жұмыс істейтін министрлер, министрлер орынбасарлары мен профессорлардың баяндамалары тыңдалды.
Конференция барысында кафедраларға жауап беретін ЮНЕСКО өкілдерімен кездесу өтті, бұл кафедраларға «ЮНЕСКО» мәртебесі берілді. Берілген есеп бойынша идеяларды дамыту, ұйымның мақсатқа жетуі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кафедралары жүргізіп отырған жұмыс жақсы бағаланды.