Қытай жаңа шындық және тұрақты экономикалық өсуді іздеу жағдайында
Қытай экономикасы күшті экспорттық бағдар стратегиясын, үлкен инвестициялар мен энергияны қажетсінетін өндірістерді басшылыққа ала отырып, үш онжылдықтан астам уақыт бойы жылдам қарқынмен дамыды. Қазіргі уақытта елде қытайлық экономикалық өсудің жаңа моделін құрайтын терең және кең ауқымды өзгерістер орын алуда, оның негізінде мынадай құрамдас бөліктер болады: теңсіздікті азайту, инновациялар, қызметтер мен экологиялық тұрақтылық. Ел ең ірі халықаралық инвесторлардың біріне айналды. Жаңа кезең мен даму сатысын президент Си Цзиньпин "жаңа норма"деп атады. Дәл қазір тұрақты даму Қытайдың даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.
XX ғасырдың 70-жылдары басталған қоғамдық-саяси және экономикалық реформалар әлемдік аренада осындай феноменалдық нәтижеге қол жеткізудің алғышарты болып табылды. Қытай - экономикалық дамудың жаңа үдемелі өсуіне қол жеткізген мемлекет. Қытай экономикасының жаңа дәуірінде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалардың маңыздылығын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта ғылыми және технологиялық жетістіктер өндірістік құрылымды жаңғыртудың негізі болып табылады және экономикалық тиімділікті арттыруға ықпал етеді.
Қытай ғалымдарының ұжымдық монографиясында қарқынды дамып келе жатқан экономиканың экономикалық, қаржылық, экологиялық және демографиялық мәселелері талданады, капитал нарығының маңыздылығы, құрылымдық реформалардың іс жүзінде жүзеге асырылуы қарастырылады.
Экономикалық циклдердің теориясын, атап айтқанда Кондратьев циклдерін зерттей отырып, авторлар 1980 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезең ішіндегі циклдік толқындардың бар-жоғын және олардың динамикасын растайтын статистикалық деректерді келтіреді. Бұл зерттеу Қытай экономикасы мен жалпы әлемдік экономика экономикалық циклдің қай фазасында екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Кітапта экономиканы реттеу тәжірибесінде кейнсиандық тәсілді қолданудың маңыздылығына ғылыми-әдістемелік негіздеме беріледі, бұл, әрине, жұмыспен қамту және баға тұрақтылығының жоғары деңгейімен, сондай-ақ елдің экономикалық өсуін ынталандырумен байланысты.
Бүгінгі күні халықтың қарқынды қартаюына байланысты елдегі демографиялық саясат проблемалары өте өзекті. Сондықтан демографиялық саясат, жаңа отбасылық жоспарлау мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта "бір отбасы – екі бала"демографиялық саясаты енгізілді. Авторлар өткен жылдардың негізгі демографиялық қорытындыларын, Қытайда екінші баланың туу мәселесіне қатынасын, бала тууды бақылау жөніндегі саясаттағы өзгерістерді және осы өзгерістердің демографиялық көрсеткіштермен өзара байланысын қарастырады.
Презентация барысында Қазақстан Республикасының ғалымдары да сөз сөйледі. Сонымен қатар ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры А. Ә. Сатыбалдин ЖҰӨ өндіру бойынша әлемнің екінші державасына айналған Қытай Халық Республикасының жетістіктерін атап өтті.
Экономика ғылымдарының докторы, Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің профессоры Е. Б. Жатқанбаев кітаптың мазмұны туралы оң пікір алып, Қытай ғалымдарына ғылыми-зерттеу қызметінде табыс тіледі.
Университет ректоры, академик Ғ. М. Мұтанов сондай-ақ табысты дамудың басты, шешуші алғышарттарына тоқталып , тарихи қысқа жолда Қытай керемет экономикалық табыстарға қол жеткізгенін, үшінші әлемнің кедей елінен-біріншіге секіруді жүзеге асырғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пекин Женьминь университеті (халық) арасында ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.
Қорытындылай келе, Қытай экономикасын қазіргі заманғы реформалау мен қайта құру – бұл сандық ғана емес, сапалық көрсеткіштерге бағытталған тұрақты даму бағыты екенін атап өтуге болады. Экономикалық реформалар біртіндеп, үздіксіз және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, қоғамның шаруашылық тіршілігін жүйелі түрде реформалау тек экономиканы ғана емес, саяси жүйе, білім беру, ғылым, техника және мәдениет жүйесін реформалауды білдіреді.
Э.ғ.д. профессор Ж.Я.Аубакирова,
э.ғ.к. Л.Ж. Аширбекова,
э.ғ.д., профессор Г.Н.Сансызбаева.