- Главная
- Новости
- 10 октября 2019 года состоялось открытие мемориальной доски доктора юридических наук, профессора Мухитдинова Нажметдина Баукеевича. Нажметдин Баукеевич был одним из основателей права недропользования Республики Казахстан, инициатором и разработчиком Кодек
10 октября 2019 года состоялось открытие мемориальной доски доктора юридических наук, профессора Мухитдинова Нажметдина Баукеевича. Нажметдин Баукеевич был одним из основателей права недропользования Республики Казахстан, инициатором и разработчиком Кодек
2019 жылдың 10 қазанында заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхитдинов Нәжметдин Баукеұлының мемориалды тақтасының ашылуы болды. Нәжметдин Баукеұлы - Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану құқығының негізін қалаушылардың бірі, тәуелсіз Қазақс
Нәжметдин Бәукеұлы Мухитдинов (1940-2005жж.) көрнекті ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің мүшесі, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ҚР ҰҒА-ның Қоғамдық ғылымдар саласындағы Ш.Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлығының лауреаты, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың Экономика және құқық институты «Инвестициялық және қаржылық құқық кафедрасының» меңгерушісі. Ғалымның 40 жыл еңбек жолында 160-тан аса ғылыми жұмыстары, соның ішінде 30-дан аса монографиялары, оқулықтары, оқу құралдары жарық көрді.
Н.Б.Мұхитдинов «Тау-кен құқығы» ғылымының негізін қалаған, «Қоршаған ортаны қорғау туралы », «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» маңызды заңдар мен пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және өңдеу қатынастарын реттейтін көптеген нормативтік актілердің жобаларын дайындады.
Н.Б.Мұхитдиновтың жетекшілігімен 30-дан аса кандидаттық және ғылыми докторлық диссертациялар қорғалды.
Дөңгелек үстелге құқық саласының белгілі академик ғалымдары, ғалымның шәкірттері, үзеңгілес достары және жанұясы қатысты.
Салтанатты шараны «Ғылым ордасы» бас директоры ашты. Ол өз сөзінде: «Бүгін қазақ ғылымының қасиетті қара шаңырағында өтіп жатқан белгілі ғалым, ұлы тұлғаның 75 жылдық мерейтойына арналып шығарылған 10 томдық ғылыми еңбектері жинағының тұсау кесерімен баршаңызды құттықтаймын.
Нажметдин Бәукеұлының 40 жылдық ғылыми және педагогикалық еңбек жолында заң ғылымдарының саласында ғана емес, сонымен қатар білім саласы мен заң шығару ісіне де қосқан үлесі зор. Ол тау-кен құқығы ғылымының бастамашысы бола отырып, жер қойнауы байлықтарын пайдаланудың теориялық-құқықтық мәселелері бойынша қорғаған ТМД елдерінде жалғыз ғылым докторы болды» деп атап айтты. Келесі кезекте сөз ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевқа берілді. Ол өз сөзінде: «Бұл азамат ғылымда өшпейтіндей ізін қалдырды. Әсіресе «Тау-кен құқығы» еңбегі маңызы зор еңбек болды. Кезінде ол: ” Бұл еңбегім өзіне жолды өзі салады”,- деген еді. Егемендік алғаннан кейін оның осы еңбегі мойындалып, мемлекетімізге қызмет етуде. Ол менің шәкіртім, сондықтан, оны жастайынан білемін. Оқуға келген кезде өзінің алғырлығымен, білімділігімен бірден көзге түсті. 20- дан аспастан кандидаттық қорғап, 33 жасында докторлық қорғады. Сонымен қатар, ол отбасындада жақсы жар, үлгілі әке бола білді. Бүгін жанұясының оның еңбектерін жинақтап бізге ұсынуы осының куәсі. Ал әріптестестері Нажметдинді білікті ғалым, адамгершілігі жоғары адам, жігерлі азамат ретінде таныды» деді. Өз кезегінде сөз алған Каспий университетінің Құқық факультетінің деканы, академик Сүлейменов Майдан: «Біз Нажмитдинмен бірге оқыдық, студенттік шағымыз бірге өтті. Кейінгі өмір жолында сыйластығымыз нығайа түсті. Мен оған еліктедім. Онын досқа деген адал көңілі мені тәнті ететін. Ал Баян (Нәжметдин Мұхитдиновтың жұбайы) екеуміздің туысқандық жақындығымыз бар. Бірақ ол маған туған қарындасымдай болды. Екеуін өзім таныстырғанмын. Менің айтайын дегенім, мен осы жанұяның жақын досы болғанымды мақтан тұтамым және Баянға бүгінгі еңбегі үшін алғысымды білдіремін» деді. Бұдан кейінгі кезекте ғалымдар, Нәжметдин Бәукеұлының әріптестері, ғылым жолындағы шәкірттері мен достары сөз алып өз естеліктерімен бөлісті. Соңынан сөз белгілі тұлғаның ұлы Асқар Мұхитдиновке берілді. Ол ардақты әкенің өмірінің әр кезеңінде бірге болған достарына, әріптестеріне, және жиналған қауымға алғысын білдіре отырып, Нәжметдин Мұхитдиновтың 10 томдық таңдамалы еңбектерін академик Сұлтан Сартаевқа және Ғылым ордасының бас директоры табыс етті.
Нәжметдиннің зайыбы Баян да ғалым, химия ғылымның кандидаты, Қазақ ССР Ғылым академиясы Химия ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері.
Мұхитдиновтардың екі ұлы бар, кішісі Нұрлан үшінші класта, үлкені Асқар қазір тоғызыншы класта оқып жұр, ол да әкесі сияқты болашақта юрист болғысы келеді.
Бұл кәдімгі ғалымдар семьясы. Әрине, әркім де Нәжметдин сияқты қырық жасында ғылым докторы бола бермейді. Ал ғылым кандидаттары қазір көп. Нәжметдин Мұхитдинов екеуміз жұмыс істейтін Философия және право институтында «үқ қызметкер бар, олардың ішінде 14 доктор мен 37 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. 140 тан 200 сомға дейін, ғылым кандидаттары 210-нан 320-ға дейін, ғылым докторлары 350 -ден 450 сомга дейін (институттың категориясына және ғылыми стажына байланысты) еңбеқақы алады. Бұл аса көп те емес. Мамн жұмысшылар әдетте ғылым кандидаттын кем алмайды.Сондықтан да СССР-де қалыптасқан ғылымдардың мамндығы тек материалдық артықшылығымен сүйемелденбейді, кайбір жеңілдіктері бар творчестволық өсу мұмкіндігімен айқындалады. Ғылым кандидаттарының қосымша тұрғын ұй көлемін алуына болады. Олардың демалыс мерзімі де көбірек, аяқтау үшін ұзақ мерзімге творчестволық демалыс алуына болады. Мұндай жеңілдіктердің бәрі де ғалым жұмысының творчестволық мәніне байланысты екенін аңғару қиын емес.
Ең соңында КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдастың Қазақстан Компартиясы XVсъезінде жасаған баяндамасында айтылған бірнеше цифрды келтіргім келеді.
Қазақстан ғылымның ұйытқысы 700 -ден астам докторлары мен 10 мың ғылым кандидаттары болып табылады. Республиканың ғалымдары бірқатар аса маңызды ғылыми бағыттарды талдап зарттеді.
Олардың көптеген зерттеулері бүкіл әлемге белгілі (мәселен, металлургиялық процестердің негізін зерттеу, жоғары тербелісті металл алу, диалектикалық логиканың проблемаларын жасау және басқалар). Бесжылдық ішінде ( 1976-80) Қазақ ССР Ғылым академиясының ғалымдары 800- ге жуық өнертапқыштың авторы болып, солар арқылы өндіріске 500-ден астам ұсыныс арқылы жасалып, оларды енгізу арқылы 200 миллион сом экономикалық тиімділік енді.