Өзара әрекеттесу перспективалары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтанов университет қабырғасында «Қазселденқорғау» МБ төрағасы К. Көкрекбаевпен кездесуі өтті. Екі жақты келіссөздер барысында төтенше жағдайлар кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен табиғи-техногендік тәуекелдер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов өз сөзінде кез келген төтенше жағдайлар кезінде тәуекелдерді азайту мақсатында ғылыми тәсіл негізінде бірыңғай әмбебап тұжырымдама жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ректор ҚазҰУ-дың жерді қашықтықтан зондтау орталығының мүмкіндіктеріне тоқталып өтті. Орталық қызметі қашықтықтан зондтау деректерін алуға, өңдеуге және таратуға, олардың негізінде Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының түрлі салалары үшін геоөнімдер жасауға бағытталған.
Өз кезегінде «Қазселденқорғау» ММ төрағасы К. Н.Көкрекбаев екі ұйым арасындағы өзара іс-қимылдың алдағы перспективтік жақтарын тізіп, ғылым және инновациялық әзірлемелер саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігіне назар аударды. «Қазақстанда 945 мореналық көл бар, оның 47-сінде сел қаупі бар, тек Алматы қаласында 14 қауіпті мореналық көл бар. Бұдан басқа, Қазақстан аумағында тұрақты мониторингті талап ететін бірқатар көшкін және көшкін жүру қатері бар аймақтар мен платина орналасқан», – деп атап өтті К. Көкрекбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мореналық көлдерге, геопорталға автоматтандырылған мониторинг жүйесі бойынша, сондай-ақ контейнерлік үлгідегі ұтқыр гибридті электр станцияларын құру саласындағы әріптестікті нығайту туралы уағдаласты және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.