"Казинформ" Национальное информационное агентство

1 апреля, 2011

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Мемлекет пен дін қарым-қатынасы модельдерін жасау жолындағы ізденіс» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өтіп жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Ақтолқын Құлсариева әлем халықтарының 90 пайызы дінге деген сенімінің бар екендігін және ол өмірінде өте маңызды рол атқаратындығын білдірген дейді. «Біз зайырлы мемлекетпіз, бұл дін қажет емес деген сөз емес. Өйткені дін бұрында болған және бола береді. Олай болатын болса діндегі болып жатқан үрдістерді, дінге жастардың ағылу үрдісін және тағы басқа да болып жатқан құбылыстарды сараптап оның психологиялық, рухани негіздерін, ұлтық қауіпсіздігімізге тигізетін әсерін жан-жақты қарамай қоғамды, ұлтты жаңғырту жолында дұрыс бағытты көрсете алмаймыз», -деп атап өтті А.Құлсариева.

Оның айтуынша, 20-ғасырда Кеңестік өкімет қарамағынан арылған мемлекеттерде социалистік идеология келмеске кеткеннен кейін оның орнын дін басқан. «Бос қалған идеологияның орнын дін қамтып, діни ренесанс пайда болды. Сол діни ренесанстың жүріп жатқандығын, жастардың дінге ағылып жатқандығын көре тұра дінге назар аудармау мүмкін емес. Бұл өте қате болатын еді. Сондықтан біз ғылыми қауымдастық ретінде осы конференцияны өткізіп отырмыз», -дейді ғалым.

Конференция мемлекет және дін қарым-қатынастарының саяси-құқықтық негіздері, әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі мемлекет пен діннің ролі сынды бағыттар бойынша жүргізілді. Оған Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, Каир университетінің профессоры Махмуд Фахми Хиджази, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, Анкара университетінің профессоры Сабри Хизметли және түрлі дін өкілдері қатысты.