Халықаралық қатынастар факультетінде «Германияның қазіргі сыртқы саясатының негіздері және Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық бағыттары» тақырыбында елші сағаты өтті. Студенттер мен оқытушылардың қонағы Герман Федеративті Республикасының Бас консулы Герольд Амелунг болды.
Кездесудің ашылу салтаyатында Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шакиров, Амелунгу мырза мен неміс Елшілігіне факультетпен байырғы әрі тығыз байланысы үшін алғысын білдірді. Университеттің Халықаралық департамент директоры Юлия Локтева дипломаттар және неміс мамамандарымен әртүрлі форматтағы кездесулерге ынтаны нақтылай түсті.
Болашақ халықаралық қатынастары мамандары жиналған аудитория үшін Герольд Амелунгу мырзаның кәсіптік мансап тәжірибесін тыңдау танымды болды. Бастапқыда экономикалық білім алған болашақ дипломат синологияны да қатар зерттей отыра, DAAD бойынша бірер уақыт білім беру саласында еңбек етіп, ГФР СІМ-не жұмысқа өтеді. 12 жылға жуық Қытайда және Жапонияда дипломатиялық өкілдіктерде дипломатиялық қызмет еткеннен кейін, өзі айтпақшы «Германияның атынан қуанышпен өкілдік ететін» сонымен қатар «өте қызықты әрі тартымды» мемлекет Қазақстанға жұмыс бабымен жіберіледі.
Г.Амелунг дәрісі ГФР сыртқы саясатының ерекшеліктері мен оны халықаралық қатынастарда айрықша орынға ие ететін салаларына арналды. Ең алдымен Германия – күшін оның мықты экономикасы анықтайтын әлемнің алдыңғы қатарлы және ықпалды мемлекеттерінің бірі. ГФР Құрама Штаттарымен қатар дамушы мемлекеттерге құны-7, 8 млрд.дол. құрайтын әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар дәріскер БИ-БИ-СИ-дің жыл сайынғы сауалнамалары бойынша Германия бірнеше жыл шеңберінде әлемнің 120-дан астам мемлекеттерінің ішінде «сыртқы саясаты ең бейбітсүйгіш» ел болып табылатындығын атап өтті. Германияның сыртқы саясатының негізі бейбітшілікті сақтау мен қолдау болып табылады.
Студенттермен болған қызу талқылаулар барысында қазіргі халықаралық саясаттың күрделі сұрақтары және оған Германияның қатысуы, оның әлемнің әртүрлі аймақтарындағы – Балқан түбегі, Ауғанстан, Таяу Шығыс, Орталық Азия мемлекеттеріндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаудағы үлесі мәселелері қозғалды. Студенттер герман дипломатиясының ерекшеліктері, Германияның ядролық қару мен энергетикалық саясат саласы, Қазақстанмен қатынастардағы мәселесіне және т.б. аса қызығушылық танытты. Кездесуді профессор Мара Губайдуллина ұйымдастырды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі