Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 2021
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.
Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.
Гранттар саны: 17
Ш. Есенов атындағы шәкіртақы Байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет…
Міндетті құжаттар:
-
- Жеке куәлік көшірмесі;
- «Қазақстанның білімі және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпта уәждемелік хат;
- Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
- Бакалавриатты бітіргені туралы диплом (магистратура мен интернатура студенттері үшін).
Қосымша құжаттар:
-
- Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
- Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
- Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
- Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2021 ж. 26 ақпанға дейін
*Өтінімді қабылдау 2021 ж. 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.
Академик Шахмардан Есеноватын. ғылыми білім беру қорының
шәкіртақылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
1.1. «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақылық байқауы (бұдан әрі – «байқау») геология саласындағы көрнекті ғалым геолог, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, Ленин сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемелекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Шахмардан Есеновтың есімін мәңгілік етуге бағытталған білімгерлердің оқу, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерін ынталандыруға бағытталған.
1.2. Байқаудың мақсаты – еліміздің белгілі жоғарғы оқу орындарының бакалавриаты және магистратураның үздік студенттерін қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай құзыретін дамыту арқылы Қазақстан Республикасында геология ғылымының дамуына үлес қосу.
1.3. Ережеде «шәкіртақы» терминінің мағынасы 216 000 (екі жүз он алты мың) теңге көлеміндегі әрбір шәкіртақы алушыға тағайындалатын, мамыр айынан келесі сол жылдың желтоқсан айы аралығында 8 (сегіз) ай мерзімге 2.1. тармағында келтірілген мамандықтар бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратура мен интернатураның 1 курс студенттеріне тағайындалатын ақшалай төлемақы болып табылады. Жыл сайын байқауға қатысушылар арасынан 17 жеңімпаз-шәкіртақы алушы іріктеліп алынады.
1.4. Жеңімпаздар ашық байқау барысында іріктеледі. Байқау жылына бір рет, оқу жылының екінші семестрінде өткізіледі. Байқауға ҚР азаматы болып табылатын жасы 18-ге толған күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің студенттері қатыса алады. Байқау нәтижесі бойынша атаулы шәкіртақы тағайындалады.
1.5. Бағдарлама міндетті түрде ҚазҰТЗУ-ның 2 (екі) студентіне шәкіртақы алу квотасын ұсынады. Академик Ш.Есенов дәріс берген, жұмыс бөлмесі болған университеттің ең үздік 2 студентінің шәкіртақы алу мүмкіндігі тарихи түрде қалыптасқан үрдіс.
ІІ. Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар
2.1. Қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, медицина, ІТ және техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер шәкіртақы ізденушісі бола алады.
2.2. Бакалавриат және магистратура студенттерінің үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» (GPA орташа балы 3,0 төмен емес) болуы шарт. Бағалар транскрипт арқылы расталады.
2.3. Ізденуші жоғарғы оқу орнының ғылыми, қоғамдық өміріне белсенді араласуын құжат түрінде мәлімдеп, растауы қажет.
2.4. Студент білім алатын жоғарғы оқу орнының басшыларының (Ректор, Проректор, Университеттің оқу кеңесінің мүшесі, Институт директоры, Декан, Кафедра меңгерушісі) туысы болған жағдайда байқауға өтінімде осы жөнінде мәлімдеуі қажет.
2.5. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы студенттің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.
2.6. Байқау жыл сайын өткізілетіндіктен, бір рет шәкіртақы алған студент бұл байқауға жалпы негізде әрдайым қатыса алады.
ІІІ. Шәкіртақыны тағайындау тәртібі
3.1. Ш.Есенов атындағы шәкіртақы ІІ тармақта көрсетілген мамандықтар бойынша білім алатын 2-3 курс бакалавриат және магистратура мен интернатураның 1-курс ең үздік 17 студентіне төмендегі талаптарға сай болған жағдайда тағайындалады. Олар:
а) осы оқу жылында үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» бағаланған (GPA орташа балы 3,0 төмен емес);
б) студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысатын;
в) Университеттің және институттың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысатын студенттер.
3.2. Байқауды өткізу үшін шәкіртақы алушыларды байқаудың екі кезеңінің нәтижесі бойынша сараптайтын комиссиясы құрылады.
3.3. Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға студенттердің іріктелуі төменде келтірілген екі тур бойынша өтеді. Сараптау комиссиясының шешімі Ш.Есенов атындағы шәкіртақы жеңімпаздарының тізімі ретінде Қордың бұйрығымен бекітіледі.
3.4. Шәкіртақы жылына бір рет тағайындалады және ағымдағы жылдың мамыр айынан сол жылдың желтоқсан айына дейін 8 ай ішінде төленеді.
3.5. Ш.Есенов атындағы шәкіртақының ізденушісі байқауға қатысу үшін:
- - Қор сайтында онлайн-өтінімді толтыру қажет;
- Өтінімге келесі құжаттарды тіркеу:
Міндетті құжаттар:
2.1. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);
2.2. «Қазақстанның білім және ғылымы үшін не жасадым және не жасығым келеді? Сіз үшін маңыздысы не? Неліктен?» атты тақырыпқа уәждемелік хат;
2.3. Жеке куәлік көшірмесі;
2.4. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес);
2.5. Магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман).
Қосымша құжаттар:
2.6. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
2.7. Әлеуметтік белсенділік/Еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
2.8. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеу алуы қажет.
3.6. Өтінімдер Қор сайтында 2021 жылдың 25 қаңтар мен 26 ақпан аралығында қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 2021 жылдың 26 ақпаны 15:00-де аяқталады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.
3.7. Байқауға қатысу үшін өтінімді тапсыра отырып, студент автоматты түрде жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін береді.
3.8. Шәкіртақы атаулы болғандықтан бір студенттен келесі студентке берілмейді
3.9. Құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші бағдарламаның мақсаттарын қуаттайтынын және өзінің осы Ережеде көрсетілген шарттармен толық келісетіндігін, орындауға дайын екендігін білдіреді.
3.10. Барлық өтінімдер 2 (екі) тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
IV. Байқаудың іріктеу кезеңдері
4.1. Шәкіртақылық байқау 2 (екі) турдан тұрады, әрқайсысының нәтижесі бойынша ең үздік білімгерлер таңдалады.
4.2. Бірінші тур – 2021 жылы 27 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.
1) Уақытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, бес балдық жүйе негізінде тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер байынша сырттай бағаланады:
- · жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер)
- · мамандыққа қатысты жарияланымның болуы
- · ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі
- · студенттік өмірде белсенділік
- · еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы
- · т.б.
2)Транскрипт бойынша ортақ балл 3,0 кем болмауы қажет.
3) Бірінші тур нәтижесі ізденушіге электрондық пошта арқылы хабарланады. Екінші турға өткендер тізімі Қор сайтында жарияланады.
Бірінші тур соңында 30 студенттер саны анықталады. Бірінші іріктеу кезеңінің нәтижелері 11 наурыздан кешіктірмей жарияланады.
4.3. Екінші тур 2021 жылғы наурыздың 25 мен 31 аралығында өтеді.
1) Екінші турдың қатысушылары сұхбат түрінде өтетін онлайн-іріктеуге шақырылады. Бұл ойын кезінде тәуелсіз сарапшылар мен психологтар бес балдық жуйе арқылы келесі қабілеттерді бағалайды:
- · көшбасшылық қасиеті
- · топта жұмыс істеу қабілеті
- · мақсат қоюда нақтылық және дәйектілік
- · тез үйрену және жаңа мәліметтерді тез қабылдау мен сараптау
- · ұйымдастырушылық қабілеті
- · коммуникативтілік
- · жаңа жағдайға бейімделу мен калыпты емес шешімдер қабылдай білуі
- · патриоттық
- · қазақ және ағылшын тілдерін білу
- · және т.б.
2) Сұхбаттың ұзақтығы 30 минут. Екінші тур соңында 17 студент анықталады. Қажет болған жағдайда Академик Ш. Есенов атын. қор қосымша тестілеу өткізуі мүмкін.
3) Екінші тур қатысушыларына бетпе-бет кездесу турына келіп кету жол ақысын (әуебилеті немесе темір жол билеті), сонымен қатар іріктеу өтетін қалада жатын орын, тамақтану құны (бір тәуліктен артық емес) өтеледі. Жатын орны мен тамақтануды Қор анықтайды.
4.4. Шәкіртақы байқауының жеңімпаздар тізімі 2021 жылдың 03 сәуіріне дейін Қор сайтында жарияланады.
V. Шәкіртақыны алу және төлеу тәртібі
5.1. Шәкіртақылық байқаудың жеңімпазымен келісімшарт жасалады.
5.2. Шәкіртақыны төлеу білімгер мен «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми білім беру Қоры арасында жасалған келісімшарт негізінде білімгердің банктік шотына немесе қолма-қол келесі айдың 15 күнінен кешікпей төленеді.
5.3. Шәкіртақы нақты білімгерлерге ғана төленеді, егер білімгер академиялық демалыста болса, төлемдер тоқтатылады.
5.4. Қор байқау нәтижелерін сараптау барысында қабылданған шешімдердің себебі мен дәлелдері жөнінде түсіндірме бермеу құқығын өзіне қалдырады
Қосымша сұрақтар бойынша келесі электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз:
aigerim.s@yessenovfoundation.org