БІТІМІ БӨЛЕК, ТҰҒЫРЫ БИІК –ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰЛҒАСЫ

Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, егемендік бастауы «желтоқсан оқиғасының» 35 жылдығы секілді еліміздің әр саласында атаулы іс-шаралар, айтулы мерекелер тойлануда. Міне осындай мерекелерге сыртта қалған қазақ жерінде туып, тәуелсіз отанына ту ғылымның туын тіккен биолог-эколог ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің деканы Болатхан Қазыханұлы Заяданның 60-жылдық мерейтойы да тұспа-тұс келуде. Болатхан Қазыханұлының тәуелсіздікке тартуы елге оралған 1997-жылдан бастап ғылым мен білім, әкімшілік және қоғамдық салаларда аянбай тер төгуі еді.
Авторлар:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы, Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры PhD., Әлібек Ыдырысұлы