"Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..."
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары Мақатаев оқуларының «Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар...» атты сайысына қатысты. Байқауды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауының бабына сәйкес Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» өткізді.
Қазылар алқасының құрамында:
Мақатаева Шолпан Муқағалиқызы (төраға) - магистр, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы; қазылар алқасының мүшелері:
- Какильбаева Энкар Толымхановна - филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті,
- Сагатова Самал Сагатовна - филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті,
- Галай Карина Назировна - филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті болды.
2021 жылдың 9 ақпанында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Ақын бай әдеби мұра қалдырды. Ол мыңнан астам өлеңдер, поэмалар мен прозалық шығарма жазып, қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналды. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев әлемдік классиктердің еңбектерін қазақ тіліне аударды. Мерейтой күніне орай ұлы қазақ ақынының өлеңдері оқылды.
«...Мұқағали поэзиясы қазақ халқының болмысын түгелдей бейнелейді. Оның өлеңдері көптеген оқырмандардың жүректеріне жол тапты. Ақынның мерейтойы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Бұл әрбір қазақ отбасы үшін мерейтойлық мереке», - деп жазды Қ.Тоқаев сейсенбі күні өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Байқаудың мақсаты мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етумен қатар олардың қазақ халқының әдебиетіне, мәдениеті мен дәстүрлеріне, жазушылардың шығармашылығына қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары.
Өткізу формасы: қашықтан ZOOM платформасы арқылы.
Ақынның шығармалары қазақ және орыс тілдерінде оқылды.
Байқау 2021 жылдың 9-11 ақпан аралығында өтті. Бұл шараға 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты.
Қазылар алқасы оқырмандардың өлең оқу мәнері мен шеберлігіне, кейіпкер образына ену тереңдігіне және мәтіннің мағынасын жеткізуге, сондай-ақ сөйлеушілердің сөйлеуде тілдік нормаларды сақтауына назар аударды.